12 Шілде 2026, Жексенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 464.71 ₸
    EUR EUR 531.26 ₸
    RUB RUB 6.05 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Бес жылға депортация: Қазақстанда жүрген 1500-ден аса шетелдік елден қуылды

    16 Маусым, 2026
    Бес жылға депортация: Қазақстанда жүрген 1500-ден аса шетелдік елден қуылды

    Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

    Қазақстанда төрт күннің ішінде көші-қон заңнамасы 13 035 мәрте бұзылғаны анықталды.

    ІІМ Қазақстанда жүрген шетелдіктерге қатысты мынандай заң бұзылғанын анықтады:

    • Қазақстанда жүру қағидаларын бұзғаны үшін 9 359 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
    • Заңсыз жұмыс істегені үшін 3 828 шетел азаматы жауапқа тартылды;
    • шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 882 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды;
    • өздерінде тұрып жатқан шетелдіктер туралы полиция органдарын уақытылы хабардар етпегені үшін 2 794 жеке және заңды тұлға жауапқа тартылды.

    Соттардың шешімімен көші-қон заңнамасын бұзған 1 559 адам ел аумағынан шығарылды. 1 836 шетел азаматының Қазақстан аумағында болу мерзімі қысқартылды. 122 шетел азаматы мәжбүрлі түрде елден шығарылды. Олардың барлығына Қазақстанға бес жыл мерзімге кіруге тыйым салынды.

    «Елге заңсыз кірген 14 шетел азаматы анықталды. Аталған фактілер бойынша шекара қызметімен бірлесіп тергеу жүргізіліп жатыр. Халықаралық іздеуде жүрген және өз мемлекеттерінің әділ сот органдарынан жасырынған 21 шетел азаматы ұсталды. Анықталған құқық бұзушылықтарды талдау нәтижесі көрсеткендей, көптеген жағдайда көші-қон заңнамасының бұзылуына заңсыз әрі тез табыс табуды көздеген Қазақстан азаматтарының өздері себеп болып отыр», – делінген ІІМ хабарламасында.

    Белгілі болғандай, Атырау облысында шетел азаматтарын Қазақстаннан көрші мемлекетке заңсыз өткізген Қазақстан азаматы ұсталды. Осыған ұқсас фактілер Жамбыл және Павлодар облыстарында да анықталды. Мысалы, Ақтөбе облысындағы құрылыс нысандарының бірінде заңсыз жұмыс істеген 60-қа жуық шетел азаматы анықталды.

    Осындай дерек Астанада да тіркелді. Мұнда жұмыс беруші Африка мемлекеттерінің алты азаматының еңбегін заңсыз пайдаланған. Сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында, Қарағанды, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылыс нысандарына шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа қабылдағаны анықталды.

    «Барлық құқық бұзушы мен олардың жұмыс берушілері заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, бір жыл ішінде шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын екі және одан да көп рет бұзған бес жұмыс берушіге қатысты тергеу басталды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес оларға қылмыстық жауапкершілік көзделген. Мұндай фактілер Жамбыл, Қарағанды және Атырау облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында анықталды. Көші-қон заңнамасын бұзудың алдын алу және анықтау бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр», – деп жазады Ішкі істер министрлігі.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    АҚШ-та Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылды

    Келесі жазба

    Астанада жолаушылар автобусы аялдама жанында тұрған әжейді қағып кетті

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Жүргізушілерге ескерту: Қазақстанда тағы 5 тасжолға орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізілді

    Ақтөбеде көшеден табылған сәби жаңа отбасына берілді

    Зерттеу: қазақстандықтардың басым бөлігі өз өміріне риза және алдағы кезеңнен жақсылық күтеді

    Маңғыстау облысында атыс болды: екі адам жарақат алып, төрт күдікті ұсталды

    3 млрд теңге ұрлаған: Түркістан облысында жеңілдетілген несиені жымқырған 27 адам сотталды

    Әлемге танымал әнші 75 жасында қайтыс болды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 464.71 ₸
    EUR EUR 531.26 ₸
    RUB RUB 6.05 ₸

    © 2025 TauNews