12 Шілде 2026, Жексенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 464.71 ₸
    EUR EUR 531.26 ₸
    RUB RUB 6.05 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Былтыр квазимемлекеттік секторға 812 млрд теңге бөлінген

    10 Маусым, 2026
    Былтыр квазимемлекеттік секторға 812 млрд теңге бөлінген

    Фото: freepik

    Қазақстанда квазимемлекеттік сектордың экономикаға және мемлекеттік қаржы жүйесіне көлемді ықпалы өзгерген жоқ. Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов мәлімдеуінше, жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру қарқыны баяулаған. Қазіргі кезде бәсекелі секторға негізінен коммуналдық кәсіпорындар ғана шығарылып жатыр.

    Смайылов кей жағдайда жергілікті атқарушы органдар абаттандыру, көшелерді тазарту секілді қарапайым қызметтерді жедел әрі сапалы қамтамасыз ету мүмкіндігінен айырылып отырғанын айтты.

    «Квазимемлекеттік сектордың бюджетке тәуелділігі күшейген. 2025 жылы бұл секторға 812 млрд теңге бөлінген, оның 57%-і мемлекеттік тапсырмалар арқылы берілген. Мемлекеттік тапсырманың өзі ведомстволық бағынысты ұйымдарды конкурстан тыс қаржыландыру нысанына айналып отыр. Жекелеген жағдайларда жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің едәуір бөлігі басқа жеке орындаушыларға беріледі. Квазимемлекеттік сектор субъектілері мемлекеттік сатып алу шеңберінде тағы да 1,4 трлн теңге алды. Жалпы, бюджет қаражатын игеру процесінде атқарушылық тәртіптің жеткіліксіз деңгейі және нәтижеліктің шектелгені байқалады. Жекелеген субъектілердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы талап етілмеген қалдықтары қомақты. Үкіметтің есебіне квазимемлекеттік сектор бойынша ақпараттың енгізілгеніне қарамастан, олардың жалпы елдегі міндеттерді іске асыруға тигізетін ықпалы ашып көрсетілмеген», – деді ол.

    Сондай-ақ ол 2025 жылдан бастап бюджет процесіне бюджеттен тыс қорлар енгізілгенін еске салды. Алайда олардың нақты саны мен қызметі туралы толыққанды есеп әлі жоқ.

    ЖАП мәліметінше, бюджеттің атқарылуы туралы есепте төрт бюджеттен тыс қорға қатысты ақпарат жеткіліксіз көрсетілген. Олар: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, Жәбірленушілерге өтемақы қоры және Арнаулы мемлекеттік қор.

    «Олардың қызметінің нәтижелілігіне және бюджеттен тыс ағындардың ашықтығына толыққанды бағалау жасалмады. Сонымен бірге парафискалдық төлемдер де тиісті бақылаудан тыс қалып отыр. Олар бюджеттiк жүйеден тыс жүредi, және тиімділігі бағаланбайды», – деді Смайылов.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Былтыр 2,4 трлн теңге бюджет қаражаты қайта бөлінген – Жоғары аудиторлық палата

    Келесі жазба

    Батыс Қазақстан облысында мектептің үш бірдей түлегі өзенге батып, мерт болды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Жүргізушілерге ескерту: Қазақстанда тағы 5 тасжолға орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізілді

    Ақтөбеде көшеден табылған сәби жаңа отбасына берілді

    Зерттеу: қазақстандықтардың басым бөлігі өз өміріне риза және алдағы кезеңнен жақсылық күтеді

    Маңғыстау облысында атыс болды: екі адам жарақат алып, төрт күдікті ұсталды

    3 млрд теңге ұрлаған: Түркістан облысында жеңілдетілген несиені жымқырған 27 адам сотталды

    Әлемге танымал әнші 75 жасында қайтыс болды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 464.71 ₸
    EUR EUR 531.26 ₸
    RUB RUB 6.05 ₸

    © 2025 TauNews