28 Қараша 2026, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 458.13 ₸
    EUR EUR 502.29 ₸
    RUB RUB 5.58 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Экс-жұбайына тыныштық бермеген Нұрсұлтан Жақсыген сотталды

    16 Қыркүйек, 2026
    Экс-жұбайына тыныштық бермеген Нұрсұлтан Жақсыген сотталды

    Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

    Актер әрі шоумен Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы әйелі Фариза Алмасқызына қатысты әрекеттері үшін бас бостандығынан айырылды. Сот оған 2 жыл 3 ай мерзімге жаза тағайындаған.

    Іс материалдарына сәйкес, Фариза Алмасқызы бұрынғы күйеуінің ұзақ уақыт бойы өзіне тыныштық бермегенін айтып, құқық қорғау органдарына жүгінген. Ол әлеуметтік желілерде өзіне қатысты түрлі мазмұндағы жазбалар тарағанын да мәлімдеген.

    Бұрынғы жұбайының айтуынша, әлеуметтік желілерде актердің аты-жөні мен фотосы пайдаланылған аккаунттардан оның боди-массаж қызметін көрсететіні және интимдік сипаттағы қызметтер ұсынатыны туралы ақпарат жарияланған. Фариза аталған жазбалардың скриншоттарын жинап, полицияға арыз түсірген.

    Сот отырысында Нұрсұлтан Жақсыген бұл жарияланымдарға қатысы жоқ екенін мәлімдеген. Актер оның атынан жалған парақшалар ашылғанын және әлеуметтік желідегі аккаунттары мен телефон нөміріне бөтен адамдардың қол жеткізуі мүмкін екенін айтқан.

    Алайда сот актерді кінәлі деп танып, 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Нұрсұлтан Жақсыгенді 3 жылға соттауды сұраған болатын.

    Сот үкімі шыққанға дейін актер үйқамақта болған. Іс бойынша соңғы сот отырыстары жабық түрде өткізілді.

    Нұрсұлтан Жақсыген — актер, шоумен және «Жайдарман» жобасының бұрынғы қатысушысы. Ол бірқатар фильмдер мен телесериалдарға түсіп, әлеуметтік желілерде де белсенділік танытып келеді. Оның парақшаларына шамамен 1,6 миллион қолданушы жазылған.

    Фариза Алмасқызы мен Нұрсұлтан Жақсыгеннің некесі бір жылдан астам уақыт бұрын бұзылған. Бұрынғы ерлі-зайыптының екі баласы бар.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Бас киімін түземек болған: электровелосипед жүргізушісі жол апатына ұшырады

    Келесі жазба

    «Әділет» бастамасы: тарихи фильм авторлары жалған ақпаратпен күресудің маңызын айтты

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Аустралия сенаторы Парламент отырысына алты айлық сәбиін алып келді

    BilimClass платформасында ақау шықты: мұғалімдер жаппай шағымдануда

    Алматыда үш айлық сәбидің ішкі ағзалары кеуде қуысына ығысқан

    ҰҚК шекара арқылы 508 миллион теңгені заңсыз алып өтпек болғандарды ұстады

    БҚО-да 150-ге жуық жылқы ұрлаған төрт күдікті ұсталды: оларға 12 жылға дейін жаза қаупі төніп тұр

    Полиция жүргізушілерге қысқы дөңгелекке ауысу мерзімін еске салды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    imunify-bot-check
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 458.13 ₸
    EUR EUR 502.29 ₸
    RUB RUB 5.58 ₸

    © 2025 TauNews