17 Қазан 2026, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 452.12 ₸
    EUR EUR 508.95 ₸
    RUB RUB 5.41 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Енді қазақстандықтар онлайн емделе алады: пилоттық жоба басталды

    17 Қыркүйек, 2025
    Енді қазақстандықтар онлайн емделе алады: пилоттық жоба басталды

    Фото: freepik.com

    Денсаулық сақтау министрлігі «Онлайн медицина» атты пилоттық жобаны іске қосты. Енді ауылда немесе шалғай елді мекенде тұратын қазақстандықтар да сапалы медициналық көмек алады.

    Министрлік мамандардың қашықтығы мен тапшылығына байланысты телемедицина технологияларын енгізіп жатыр. Яғни шалғай ауылдар үшін интернет арқылы дәрігермен кеңесу, бейнеқоңырау арқылы тексерілу мүмкіндігі пайда болды.

    «Науқас алдымен ауылдағы медициналық немесе фельдшерлік-акушерлік пунктке жүгінеді. Оны алдымен мейірбике тексеріп қарайды. Шалғай ауылдарға медициналық тексеріс жүргізу үшін арнайы жабдықталған сөмкелер берілген. Олардың ішінде офтальмоскоп, стетоскоп, ЭКГ аппараты сияқты құралдар бар. Бұл құрылғылар науқастың жағдайын тіркеп, оның жағдайы туралы деректерді бірден облыстық клиникаға жолдайды. Сондай-ақ экспресс-анализдер жасауға болады: биохимиялық қан анализі және зәр анализі. Облыстық клиникалық аурухананың дәрігері пациенттің жағдайымен танысып, республикалық деңгейдегі маманның кеңесі қажет пе, жоқ па – соны шешеді. Егер республикалық деңгейдегі дәрігердің араласуы қажет болса, облыстық аурухана «Дамумед» немесе «е-денсаулық» платформалары арқылы республикалық деңгейдегі мамандармен интернет арқылы байланысқа шығады», – деп түсіндірді ДСМ Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы Электрондық денсаулық сақтаудың стандарттары мен реттеушілік базасын жетілдіру басқармасының бастығы Лаура Шамшутдин Azattyq Rýhy тілшісіне.

    Яғни науқасты қай деңгейде қарау керек екенін облыстық клиника шешеді. Егер мәселе ауылдық дәрігерлік амбулатория деңгейінде шешілсе, әрі қарай жолдама берілмейді. Егер шешім табылмаса, облыстық клиникалық ауруханаға жіберіледі. Ал облыстық деңгейде де емі табылмаса, республикалық деңгейдегі мамандардың кеңесіне жүгінеді.

    Лаура Шамшутдиннің айтуынша, бұл жағдайда науқастың өзі емес, дәрігерлер бір-бірімен байланысады. Себебі нақты диагнозды дәрігер ғана қоя алады. Республикалық деңгейдегі мамандарға артық жүктеме түсірмеу үшін пациенттің жағдайымен алдымен облыстық клиникалық аурухана танысады. Егер облыс науқастың еміне шипа таба алмаса, республикалық деңгейдегі мамандардан көмек сұрайды.

    Пилоттық жобаға еліміздің сегіз өңірі – Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Астана қаласынан 100 медицина нысаны қосылған. Олар: 6 облыстық клиникалық аурухана, 2 қалалық аурухана, 15 қалалық емхана, 8 орталық аудандық аурухана, 1 МСАК орталығы, 1 ауылдық аурухана, 30 дәрігерлік амбулатория, 16 фельдшерлік акушерлік пункт, 21 медициналық пункт.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қостанай облысында ер адам әйелінің экс-күйеуін бопсалап, 3 млн теңге талап еткен

    Келесі жазба

    Тоқаев Астанаға келген Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллмен кездесті

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    БҚО-да мотоцикл жүргізушісі апаттан кейін ауруханада көз жұмды

    Астанада автобус қағып кеткен әйел көз жұмды: жүргізуші телефонға алаңдаған

    Заң мен тәртіп: Алматыда жастардың құқықтық сауаттылығы талқыланды

    Астанада Таиландтан есірткі тасымалдаған қыз 16 жылға сотталды

    «Dauletten» қайырымдылық қоры студенттерге 20 млн теңге көлемінде білім гранттарын бөледі

    NAVAI ісі бойынша ҚР СІМ ресми мәлімдеме жасады

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 452.12 ₸
    EUR EUR 508.95 ₸
    RUB RUB 5.41 ₸

    © 2025 TauNews