3 Мамыр 2026, Жексенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Көкшетауда үш жас жігіт ер адамды ұрып-соғып, несие алуға мәжбүрлеген

    3 Қыркүйек, 2025
    Көкшетауда үш жас жігіт ер адамды ұрып-соғып, несие алуға мәжбүрлеген

    Фото: istockphoto.com

    Көкшетау қалалық соты 19-23 жас аралығындағы үш жас жігіттің ісін қарады. Олар әлеуметтік желі арқылы танысқан қызға келген жігітті алдап пәтерге шақырып, кейін көлікке отырғызып, қала сыртындағы бос жерге апарған. Жәбірленушіні ұрып-соғып, мүлкін беруге және мобильді банкинг арқылы ақша аударуға мәжбүрлеген.

    Жәбірленуші Т. әлеуметтік желі арқылы танысқан қызға кездесу үшін Көкшетауға келген. Қыздың қауіпсіздігі үшін Б.-дан оны пәтерге жеткізуді өтінген. Алайда Б.-мен бірге Д. және Ш. де барған.

    Пәтерге келген соң олардың ойына жәбірленушіні бопсалау жоспары келген. Жігітті көлікке отырғызып, қала сыртындағы адам жоқ жерге апарып, ұрып-соғып, ақшасы мен мүлкін талап еткен. Кейін олар заңсыз әрекеттерін пәтерде жалғастырған.

    Жәбірленуші қандай шығынға ұшырады

    Қорқыту мен зорлық-зомбылықтың әсерінен жәбірленуші:

    • 110 мың теңге тұратын ұялы телефонын берген;
    • 25 мың теңге ақшасын аударған;
    • 280 мың теңгеге төрт шағын несие рәсімдеуге мәжбүр болған.

    Сот-медициналық сараптама оның денесінде көгерген және сыдырылған жарақаттар барын анықтады.

    Сот шешімі

    Істі қараған сот айыпталушылардың кінәсін толық дәлелденген деп тапты.

    • Ш. – қылмыстың белсенді қатысушысы ретінде танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
    • Б. – тараптардың татуласуына байланысты бір эпизод бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Бірақ бопсалағаны үшін 4 жыл шартты жаза алды.
    • Д. – кейбір айыптар бойынша ақталғанымен, бопсалауға қатысқаны үшін 3 жыл 6 айға сотталды.

    Қосымша үкім

    Сот қылмыс кезінде пайдаланылған Mitsubishi Pajero Sport көлігін тәркілеу туралы шешім шығарды.

    Таңбалар: қылмыстық іс
    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Тоқаев Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президентімен кездесті

    Келесі жазба

    Ақсудағы ERG зауытында төтенше жағдай: үш жұмысшы күйік жарақатын алды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews