4 Мамыр 2026, Дүйсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Месси өзінің бұрынғы командасына қарсы ойнайды

    24 Маусым, 2025
    Месси өзінің бұрынғы командасына қарсы ойнайды

    Маусымның 23-інен 24-іне қараған түні АҚШ-та клубтық әлем чемпионатының топтық кезеңнің соңғы туры басталды.

    B тобының плей-офф кезеңіне шығуға «Пари Сен-Жермен», бразилиялық «Ботафого» және «Атлетико Мадрид» үміткер болды.

    Диего Симеоне жаттықтыратын командаға топтан шығу үшін бразилиялық «Ботафогоны» +2 айырмашылықпен жеңуі немесе ПСЖ-ның Сиэтл аутсайдерлерімен ойында ұпай жоғалтуына үміт арту қажет еді. Алайда Париж командасы 2:0 есебімен жеңіске жетті, ал испаниялық ұжым тек 87-минутта гол соғып, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

    Нәтижесінде ПСЖ топта бірінші орынды иеленді, «Ботафого» екінші орынға шықты, ал «Атлетико» соғылған және жіберілген голдардың айырмашылығы бойынша жарыстан шығып қалды. Айта кетейік, турнир басталмай тұрып суперкомпьютер испаниялық команданы сегіз басты фавориттің қатарына қосқан болатын.

    А тобында топтан шығуға «Порту», «Интер Майами» және «Палмейрас» таласты. Соңғы екеуі өзара кездесті. Бразилия мен АҚШ клубтары 4 голдан соғып, көрерменге тартысты матч сыйлады: Альене мен Суарестің голдарына Паулиньо мен Маурисио жауап берді.

    «Интер Майами» мен «Палмейрас» 2:2 есебімен тең тарқасса, «Порту» мысырлық «Әл-Ахли» командасымен 4:4 есебімен тең ойнап, турнирден шығып қалды.

    Турнир регламентіне сәйкес, А тобының бірінші командасы B тобының екінші командасымен ойнайды. «Интер Майами» доп айырмашылығы бойынша «Палмейрастан» артта қалып, ПСЖ-мен кездесетін болды.

    Еске сала кетейік, 2021 жылдан 2023 жылға дейінгі аралықта «Интер Майами» көшбасшысы, аргентиналық шабуылшы Лионель Месси француз клубында өнер көрсеткен. Мессидің бұрынғы командасына қарсы ойыны 29 маусымда өтеді.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Павлодарда балабақша тәрбиешісі балаларға күш қолданған

    Келесі жазба

    Мұхтар Мағауиннің ұлы өмірден өтті

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews