10 Қыркүйек 2026, Бейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 456.89 ₸
    EUR EUR 531.36 ₸
    RUB RUB 5.32 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазақстан ауруханаларында инфекция көбейді: ДСМ бақылауды күшейтті

    2 Қыркүйек, 2026
    Қазақстан ауруханаларында инфекция көбейді: ДСМ бақылауды күшейтті

    Фото: istockphoto.com

    Қазақстанда медициналық ұйымдардағы инфекциялық қауіпсіздік талаптары қатаңдатылмақ. Денсаулық сақтау министрлігі меншік түріне қарамастан, барлық клиникаларда ішкі инфекциялық аудит жүргізуді міндеттейтін жаңа тәртіп енгізуді жоспарлап отыр.

    Ведомство тиісті бұйрық жобасын әзірледі. Құжаттың негізгі мақсаты – ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу және медициналық көмек көрсету кезінде пациенттер үшін қауіпсіз жағдай қалыптастыру.

    Министрліктің мәліметінше, бұл мәселе әлем бойынша өзекті болып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әрбір он пациенттің біреуі медициналық мекемеде ем қабылдау барысында инфекция жұқтыруы мүмкін екенін атап өткен.

    Қазақстандағы көрсеткіш те алаңдатады. 2025 жылы ауруханаішілік инфекциялардың тіркелу деңгейі 2024 жылмен салыстырғанда 1,41 есеге артқан. Іріңді-септикалық асқынулардың басым бөлігі босандыру ұйымдарында анықталған.

    Клиникаларда не бақыланады?

    Жаңа талаптарға сәйкес, ішкі инфекциялық аудит медициналық ұйымдардағы инфекциялық бақылау жүйесінің тұрақты бөлігіне айналады. Мамандар ықтимал қауіптерді ерте анықтап, олардың себептерін жоюға және инфекциялардың қайта таралуына жол бермеуге назар аударады.

    Аудит барысында медицина қызметкерлерінің қол тазалығын сақтау тәртібі, медициналық құралдарды залалсыздандыру сапасы және жеке қорғаныш құралдарын пайдалану талаптары тексеріледі. Сонымен қатар хирургиялық процедуралардың қауіпсіздігі мен медициналық қалдықтарды жою ережелерінің орындалуы бақыланады.

    Дәріге төзімді микроорганизмдердің таралуын тежеуге де ерекше көңіл бөлінбек. Егер тексеру кезінде кемшіліктер анықталса, медициналық ұйым оларды жоюға арналған нақты іс-шаралар жоспарын әзірлейді. Құжатта тиісті жұмыстарды орындау мерзімі мен жауапты қызметкерлер көрсетіледі.

    Денсаулық сақтау министрлігінің пікірінше, жаңа жүйе ауруханаішілік инфекциялардың таралу қаупін төмендетуге, пациенттердің стационарда болу уақытын қысқартуға және медициналық қызметтің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қазақстанда инфляция баяулады: картоп пен автокөлік бағасы төмендеді

    Келесі жазба

    Ұлдана Мырзуанның өлімі: сотта 21 жылдан бері сол үйде тұратын әйел үйдің қалай салынғанын айтты

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Құрылыс алаңындағы қайғылы жағдай: Көкшетауда 19 жастағы жігіт мерт болды

    Арыс трагедиясы: мас күйінде адам қаққан мұғалім 9 жылға бас бостандығынан айырылды

    Зерттеу: Қазақстанда ата-аналардың бала оқуына араласуы азайған

    Оралда танысын өлтірген ер адам сотта өзін қорғағанын мәлімдеді

    Ұшақ бортында темекі шеккен шетелдік жолаушы жауапқа тартылды

    Бір қап гашиш: Талдықорғанда ер адам қамауға алынды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 456.89 ₸
    EUR EUR 531.36 ₸
    RUB RUB 5.32 ₸

    © 2025 TauNews