10 Қыркүйек 2026, Бейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 456.89 ₸
    EUR EUR 531.36 ₸
    RUB RUB 5.32 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Ұлдана Мырзуанның өлімі: сотта 21 жылдан бері сол үйде тұратын әйел үйдің қалай салынғанын айтты

    2 Қыркүйек, 2026
    Ұлдана Мырзуанның өлімі: сотта 21 жылдан бері сол үйде тұратын әйел үйдің қалай салынғанын айтты

    Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

    Астанада жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның қазасына байланысты сот процесі жалғасып жатыр. Кезекті сот отырысында қайғылы оқиға болған көпқабатты үйдің тұрғыны куәгер ретінде жауап берді.

    Сотта Валерия Самсонова Тәуелсіздік көшесіндегі тұрғын үйде 2005 жылдан бері тұратынын айтты. Оның сөзінше, ғимарат 2004 жылы пайдалануға берілген. Куәгер қайғылы оқиға болған күні үйде болғанын жеткізді.

    Әйелдің айтуынша, тұрғын үйде шатыр мен қасбетке қатысты мәселелер бұрыннан бар. Ол бұған дейін пәтеріне шатырдан су аққанын айтып, тұрғын үйді бірнеше жыл басқарған Гүлжауһар Ахметовамен соттасқанын мәлімдеді.

    «Үйдің шатырынан үнемі мәселе шығатын. Бір кезде пәтеріме су өткен соң, осы мәселеге байланысты сотқа жүгінгенмін», – деді Валерия Самсонова.

    Қасбетке қатысты жаңа ақаулар пайда болған

    Куәгердің айтуынша, 2025 жылғы 8 қарашадағы қайғылы оқиғадан кейін әкімдік тұрғын үйдің қасбетін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген. Екінші подъезд маңындағы қауіпті бөліктер демонтаждалып, кірпіш қасбет орнына арнайы бекітпелер орнатылған.

    Алайда тұрғынның сөзінше, жүргізілген жөндеуге қарамастан, ғимаратта жаңа ақаулар байқалған.

    «Қасбет құлағаннан кейін әкімдік көмек көрсетіп, екінші подъезд тұсындағы қасбетті бекітті. Жұмыстар желтоқсан мен қаңтар айларында жүргізілді. Бірақ шамамен екі апта бұрын дәліз қабырғаларынан жарықтар мен сызықтарды байқадық. Олар әсіресе тоғызыншы қабатта анық көрінеді. Қазір үйдің сол жақ қасбеті де нашарлап бара жатқанын көріп отырмыз», – деді куәгер.

    Оның айтуынша, ғимараттың сол жағында балалар алаңы орналасқан. Сондықтан тұрғындар қасбеттің тағы да құлауынан қауіптеніп отыр. Куәгер ғимараттың сыртқы қабырғаларындағы жарықтар үлкейіп келе жатқанын атап өтті.

    Сонымен қатар ол үйдің қасбетіне кондиционер орнатуға қатысты талаптар болғанын, алайда ғимаратта мұндай құрылғылар бар екенін айтты.

    Фельдшердің қазасы

    Еске салайық, Ұлдана Мырзуан 2025 жылғы қарашада қызметтік міндетін орындау кезінде ауыр жарақат алған. Жас фельдшер тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін көпқабатты үйге барған кезде ғимараттың сыртқы қасбетінде орналасқан кондиционер блогы құлап, оның үстіне түскен.

    Медицина қызметкерлері бірнеше күн бойы фельдшердің өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, 18 қарашада ол ауруханада көз жұмды.

    Кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлдана Мырзуанды қайтыс болғаннан кейін «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады. Мемлекеттік награда оған қызметтік міндетін адал атқарып, қиын жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін берілді.

    Қазір аталған іс бойынша сот отырыстары жалғасып жатыр.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қазақстан ауруханаларында инфекция көбейді: ДСМ бақылауды күшейтті

    Келесі жазба

    Астана тұрғындары ВИЧ инфекциясына тегін тексеріле алады

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Құрылыс алаңындағы қайғылы жағдай: Көкшетауда 19 жастағы жігіт мерт болды

    Арыс трагедиясы: мас күйінде адам қаққан мұғалім 9 жылға бас бостандығынан айырылды

    Зерттеу: Қазақстанда ата-аналардың бала оқуына араласуы азайған

    Оралда танысын өлтірген ер адам сотта өзін қорғағанын мәлімдеді

    Ұшақ бортында темекі шеккен шетелдік жолаушы жауапқа тартылды

    Бір қап гашиш: Талдықорғанда ер адам қамауға алынды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 456.89 ₸
    EUR EUR 531.36 ₸
    RUB RUB 5.32 ₸

    © 2025 TauNews