25 Қазан 2026, Жексенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 451.05 ₸
    EUR EUR 504.95 ₸
    RUB RUB 5.6 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазақстан мен Әзербайжан Баку портында бірлескен терминал салады

    17 Шілде, 2026
    Қазақстан мен Әзербайжан Баку портында бірлескен терминал салады

    Фото: gov.kz

    Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел Әзербайжан көлік және коммуникация холдингінің (AZCON) Атқарушы директоры Шахин Бабаевпен кездесті.

    Холдингтің құрамына көлік, коммуникация және технология салаларындағы 12 ірі мемлекеттік кәсіпорын және бір еншілес компания кіреді. Атап айтқанда, холдинг Әзербайжан әуе жолдары, Әзербайжан темір жолдары, Әзербайжан Каспий кеме қатынасы компаниясы, Баку метрополитені, Баку халықаралық теңіз сауда порты, Баку кеме жасау зауытын басқарады.

    Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

    Екі ел арасындағы және аймақтағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтудағы көлік байланысының стратегиялық рөлі, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) өткізу қабілетін арттыру бойынша күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығы аталып өтті.

    Сұхбат барысында бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, елші Ә.Байел 2024 жылы мемлекет басшыларының қатысуымен Алят портында бірлескен интермодальды терминал салу туралы уағдаластыққа қол жеткізілгенін Әзербайжан тарапының есіне салды.

    Әзербайжан тарапы қазіргі уақытта Баку портының даму жөніндегі мастер-жоспарының жаңартылуы аяқталуға жақын екенін, осы жұмыстар біткен соң аталған интермодальды терминалдың құрылысы басталатынын хабарлады.

    Сонымен қатар, елші мемлекет басшыларының Қазақстанның Әзербайжанда өндірілген кемелерді сатып алуы, ал Әзербайжанның өз кезегінде Қазақстанда шығарылған локомотивтерді сатып алуы жөніндегі уағдаластығын атап өтті.

    Қазақстан Баку кеме жасау зауытына ел қажеттілігі үшін екі құрғақ жүк кемесін жасауға тапсырыс беріп қойған. Осы тұрғыда Ш.Бабаев жақын уақытта қазақстандық локомотивтерді сатып алу мүмкіндігін қарастыруға уәде берді. Бұған дейін, 2015-2022 жылдары Қазақстан Әзербайжанның қажеттілігі үшін 50 локомотивті қамтамасыз еткен болатын.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің көлік-коммуникациялық әлеуетін одан әрі дамытуға және олардың Еуразиядағы негізгі транзиттік тораптар ретіндегі рөлін нығайтуға өзара мүдделілігін растады.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Мемлекет басшысы Таиланд премьер-министрімен кездесу өткізді

    Келесі жазба

    «Қазақстан Темір жолы» компаниясына жаңа басшы келді

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын жеке басқарушы компанияларға аударып жатыр: сома 100 млрд теңгеден асты

    «Ұлттық қор – балаларға»: 7 миллионнан астам баланың шотына 2,5 млрд доллар аударылды

    Астанада Есіл өзенінің сағасы бір түнде тартылып қалды: жағалауды шағалалар басып кетті

    Астанада Есілдің құрғаған табанынан ноутбук пен пеш табылды

    Түркістан облысында дәрігерлер бір жастағы баланың өңешінен сырға алып шықты

    Ақмола облысында 77 жылқы ұрлады деген күдікпен әкесі мен ұлы ұсталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 451.05 ₸
    EUR EUR 504.95 ₸
    RUB RUB 5.6 ₸

    © 2025 TauNews