21 Қазан 2026, Сәрсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 450.69 ₸
    EUR EUR 505.04 ₸
    RUB RUB 5.45 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазақстанда 15 мыңнан астам шетел азаматы еңбек етіп жүр

    29 Қыркүйек, 2025
    Қазақстанда 15 мыңнан астам шетел азаматы еңбек етіп жүр

    Фото: istockphoto.com

    Қазақстан аумағында 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 15 054 шетел азаматы еңбек етіп жүр.

    Шетелдік жұмыс күшіне (ШЖК) берілген рұқсаттар мынадай санаттарға бөлінеді:

    • 561 адам – басшылар мен олардың орынбасарлары (I санат);
    • 2 348 адам – құрылымдық бөлімше басшылары (II санат);
    • 3 980 адам – мамандар (III санат);
    • 1 052 адам – білікті жұмысшылар (IV санат).

    Сонымен қатар:

    • 3 099 адам маусымдық жұмыстарға тартылған;
    • 4 015 адам корпоративтік ауыстыру арқылы жұмыс істеп жүр.

    Жұмыс берушілер мен отандық кадрлар үлесі

    Қазіргі таңда Қазақстанда 1 909 жұмыс беруші шетелдік мамандарды пайдаланып отыр.
    Бұл кәсіпорындарда 341 мыңнан астам қазақстандық азамат еңбек етеді, яғни қызметкерлердің 96%-ын жергілікті кадрлар құрайды.

    Салалар бойынша еңбек бөлінісі

    Шетелдік жұмысшылардың негізгі бөлігі мына салаларда жұмыс істейді:

    • құрылыс – 4 929 адам;
    • ауыл, орман және балық шаруашылығы – 3 140 адам;
    • тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 240 адам;
    • өңдеу өнеркәсібі – 1 122 адам.

    Еңбек мигранттары қай елдерден келеді?

    Қазақстанда еңбек етіп жүрген шетелдіктердің басым бөлігі мына елдерден келген:

    • Қытай – 5 545 адам;
    • Өзбекстан – 2 696 адам;
    • Түркия – 1 076 адам;
    • Үндістан – 1 052 адам.

    Квота көлемі қалай белгіленеді?

    Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын шетел мамандарын тартуға квота белгілейді.

    2025 жылы квота бастапқыда 14,8 мың бірлік (жұмыс күшінің 0,2%-ы) болып бекітілген. Кейіннен жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне сәйкес 16,5 мың бірлікке дейін ұлғайтылды.

    2025 жылдың тамыз айынан бастап маусымдық жұмысшыларға арналған кәсіптер тізімі кеңейтіліп, квота 0,25%-ға немесе 19,4 мың бірлікке дейін ұлғайды.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Ақтөбе облысына Қытайдан теміржол арқылы 80 тонна уытты зат жеткізілген

    Келесі жазба

    Рақымшылыққа ілінген экс-банкир Жомарт Ертаев тағы түрмеге отыратын болды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 451 теңгеден төмен түсті

    Миына қан құйылды деген қауесеттен кейін Ким Чен Ын киім көрмесіне барды

    Шымкентте автобус жолақысын 100 теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

    Колумбияда заңсыз алтын кенішінің опырылуынан 14 адам қаза тапты

    «Балаға дауыс беріңіз»: алаяқтар мессенджердегі сілтемелер арқылы аккаунттарды бұзып жатыр

    Астана әуежайында жолаушыларды бет-әлпеті арқылы тексеру жүйесі енгізілуі мүмкін

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 450.69 ₸
    EUR EUR 505.04 ₸
    RUB RUB 5.45 ₸

    © 2025 TauNews