26 Қараша 2026, Бейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 458.85 ₸
    EUR EUR 503.5 ₸
    RUB RUB 5.59 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазақстанда 9 жасар қызға қатысты қылмыс жасаған ер адамға шығарылған жеңіл үкім қайта қаралды

    21 Қыркүйек, 2026
    Қазақстанда 9 жасар қызға қатысты қылмыс жасаған ер адамға шығарылған жеңіл үкім қайта қаралды

    Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

    Бас прокуратура қылмыстық істерді кассациялық тәртіппен қайта қарау нәтижелеріне қатысты бірқатар мәлімет жариялады. Ведомствоның хабарлауынша, сот үкімдерін қайта қарау барысында ауыр қылмыс жасағанына қарамастан, бастапқыда жеңіл жаза алған адамдарға қатысты істер де анықталған.

    Прокуратура мәліметінше, президенттің тапсырмасына сәйкес 2025 жылғы 1 шілдеден бастап кассациялық соттар өз жұмысын бастады. Жаңа жүйе аясында қылмыстық істерді қайта қарау мүмкіндігі кеңейтіліп, істер судьялардың алдын ала қарауынсыз кассациялық тәртіпте қарала бастады.

    Осы механизм арқылы прокуратура органдары сотта кінәсіз деп танылуы тиіс адамдарға қатысты шешімдермен қатар, ауыр қылмыс үшін тиісті деңгейде жаза тағайындалмаған істерді де қайта көтеріп жатыр.

    Солардың бірі – тоғыз жасар қызға қатысты қылмыстық іс.

    Бас прокуратураның мәліметінше, Азамат Ж. бастапқы сот үкімімен тоғыз жастағы қызға қатысты азғындық әрекет жасады деп танылған. Алайда прокуратураның талабынан кейін іс кассациялық сотта қайта қаралған.

    Қайта тергеу және сот талқылауы барысында істің бастапқы саралануы өзгертіліп, балаға қатысты әрекет сексуалдық сипаттағы зорлық ретінде бағаланған.

    Нәтижесінде бұрын тағайындалған жаза жойылып, ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.

    Бас прокуратура Қазақстан заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы ауыр қылмыс жасаған адамдарға қатаң жаза қарастырылғанын атап өтті.

    Ведомство кассациялық соттардың жұмысы сот шешімдерін қайта бағалауға және заң талаптарына сәйкес келмейтін үкімдерді өзгертуге мүмкіндік беріп отырғанын мәлімдеді.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қазан айында қазақстандықтар қанша күн демалады және қанша күн жұмыс істейді

    Келесі жазба

    Қазақстанда күздің алғашқы күндері жылы болады: ауа температурасы 32 градусқа дейін көтеріледі

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Астанада салмағы 6 келіден асатын сәби дүниеге келді

    Алматыда есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен 12, 14 және 15 жастағы үш оқушы ұсталды

    Шымкентте қызға стақан лақтырып, тісін сындырған ер адам қамауға алынды

    Атырауда әйелін 28 рет пышақтаған ер адамның сотында жан түршігерлік деректер айтылды

    Астанада пайызсыз баспана алуға уәде берген Buyers Union ұйымының басшылары сотталды

    Алматыда түнгі өрттен бес адам қаза тапты, олардың арасында бала бар

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    imunify-bot-check
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 458.85 ₸
    EUR EUR 503.5 ₸
    RUB RUB 5.59 ₸

    © 2025 TauNews