14 Қазан 2026, Сәрсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 448.45 ₸
    EUR EUR 501.59 ₸
    RUB RUB 5.36 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазақстанда алдағы үш күнде күн суытып, қар аралас жаңбыр мен үсік күтіледі

    14 Қазан, 2026
    Қазақстанда алдағы үш күнде күн суытып, қар аралас жаңбыр мен үсік күтіледі

    Фото: istockphoto.com

    Алдағы үш күнде Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райы құбылып, жауын-шашын түседі. Кей жерлерде жаңбыр қарға ұласып, көктайғақ болуы мүмкін. Сонымен қатар синоптиктер желдің күшеюін, тұман түсіп, түнгі уақытта үсік жүруі ықтимал екенін ескертті.

    «Қазгидромет» мәліметінше, 15 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін. Шығыс өңірлерде жолдарда көктайғақ қалыптасу қаупі бар. Ал елдің орталығы мен оңтүстігінің бірқатар аумағында жауын-шашын болжанбайды.

    16 және 17 қазанға қараған түні оңтүстік-шығыста ауа температурасы 1–2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүруі ықтимал. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

    Өңірлерде ауа температурасы қалай өзгереді?

    Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері еліміздің аймақтарында температура әртүрлі болады.

    • Батыс Қазақстанда түнгі ауа температурасы +7…+15°C, күндіз +17…+25°C аралығында болады.
    • Ақтөбе облысында түнде +1…+6°C күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында ауа температурасы -1…-3°C-қа дейін төмендеуі мүмкін. Күндіз +15…+23°C болады.
    • Қостанай облысында түнде -1…-6°C аяз болжанады. Күндіз температура +10…+17°C шамасында құбылады.
    • Солтүстік өңірлерде түнгі температура -3…-8°C-қа дейін төмендейді. 17 қазаннан бастап 0…+8°C-қа дейін жылынуы мүмкін. Күндіз +7…+12°C күтіледі.
    • Ұлытау облысында түнде негізінен 0…+6°C, солтүстігі мен шығысында -3°C шамасында болады. Күндіз ауа температурасы +10…+20°C аралығында сақталады.
    • Қарағанды облысында түнде -1…-8°C, оңтүстігінде +3°C күтіледі. Күндіз біртіндеп +10…+15°C-қа дейін жылынады.
    • Шығыс Қазақстанда түнгі температура -1…-6°C-тан -3…-11°C-қа дейін төмендеуі мүмкін. Күндіз негізінен +3…+12°C, өңірдің шығысында -2°C болжанады.
    • Оңтүстік Қазақстанда түнде +2…+10°C, күндіз +15…+25°C болады.
    • Оңтүстік-шығыста түнде +0…+8°C, таулы аудандарда -2…-7°C күтіледі. Күндіз ауа температурасы +10…+22°C аралығында болады.

    Синоптиктер ауа райының құбылуына байланысты тұрғындарға алдағы күндері сақ болуды ұсынады. Әсіресе таңғы және түнгі уақытта жолға шығатын жүргізушілер көктайғақ пен тұманды ескергені жөн.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Астанада тапсырыс беру орталығының қызметкері 14,9 млн теңгенің тауарын жымқырды

    Келесі жазба

    Вьетнамға ұшып бара жатқан жолаушы ұшақ бортында көз жұмды: куәгерлер мән-жайды айтты

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Вьетнамға ұшып бара жатқан жолаушы ұшақ бортында көз жұмды: куәгерлер мән-жайды айтты

    Қазақстанда алдағы үш күнде күн суытып, қар аралас жаңбыр мен үсік күтіледі

    Астанада тапсырыс беру орталығының қызметкері 14,9 млн теңгенің тауарын жымқырды

    Құрылтай 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын мақұлдады

    Депутат Атамқұлова Жұманғариннің Қазақстан экономикасы 5,4 пайызға өседі деген болжамына күмән келтірді

    Әнші Сәкен Майғазиевтің анасы дүниеден өтті

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 448.45 ₸
    EUR EUR 501.59 ₸
    RUB RUB 5.36 ₸

    © 2025 TauNews