14 Қазан 2026, Сәрсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 448.45 ₸
    EUR EUR 501.59 ₸
    RUB RUB 5.36 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Құрылтай 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын мақұлдады

    14 Қазан, 2026
    Құрылтай 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын мақұлдады

    Фото: Құрылтай баспасөзі

    Құрылтай депутаттары «2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қолдады. Құжат елдегі макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, әлеуметтік міндеттемелерді орындауға және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

    Министрдің айтуынша, алдағы үш жылда Қазақстан экономикасының орташа жылдық өсімі 5,4 пайыз деңгейінде болады деп болжанып отыр. Ал 2027 жылы инфляцияның нысаналы дәлізі 7,5–9,5 пайыз аралығында белгіленген. Үкімет 2029 жылға қарай инфляцияны 6 пайызға дейін төмендетуді көздейді.

    Сонымен қатар бюджет тапшылығын кезең соңына қарай жалпы ішкі өнімнің 0,4 пайызына дейін қысқарту және мемлекеттік бюджеттің меншікті кірістерін 23,4 трлн теңгеге жеткізу жоспарланған.

    Бюджет кірістері мен шығыстары қандай болады?

    2027 жылы республикалық бюджеттің меншікті кірістері 19,9 трлн теңге көлемінде болжанып отыр. Оның негізгі бөлігін салық түсімдері құрайды. Бұған қоса, бюджетке 5,5 трлн теңге көлемінде трансферт түседі деп күтілуде.

    Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферт көлемін кезең-кезеңімен азайтып, 2 трлн теңгеге дейін төмендету жоспарланған.

    Ал республикалық бюджет шығыстары 30,2 трлн теңге көлемінде белгіленген. Қаражаттың үштен бірінен астамы білім беру, ғылым және денсаулық сақтау салаларын дамытуға, сондай-ақ адами капиталды нығайтуға жұмсалмақ.

    Экономиканың нақты секторына 3,7 трлн теңге бөлінеді

    Серік Жұманғариннің сөзінше, 2027 жылы экономиканың нақты секторын қолдауға 3,7 трлн теңге қарастырылған. Бұл қаражаттың негізгі бөлігі көлік инфрақұрылымын дамытуға, ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке, кәсіпкерлікті қолдауға және цифрландыруға бағытталады.

    Алдағы уақытта автомобиль жолдары мен өткізу пункттерін салу, жоғары жылдамдықты интернет желісін кеңейту, ғарыш саласындағы жобаларды жүзеге асыру және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жұмыстары жалғасады.

    Бұдан бөлек, бюджет қаражаты өңірлерді қолдауға, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мемлекеттік борышқа қызмет көрсетуге жұмсалады.

    Депутаттар қандай мәселелерді көтерді?

    Заң жобасын талқылау кезінде депутаттар экономикалық болжамдардың нақтылығына және бюджет кірістерінің тұрақты өсуіне қатысты бірқатар мәселені көтерді.

    Олар Ұлттық қордан бөлінетін трансферттерге тәуелділікті азайту қажеттігін атап өтті. Сонымен бірге қордың тұрақтандыру және жинақтау қызметтерін сақтаудың маңыздылығына назар аударды.

    Бюджет қаражатын тиімді пайдалану, шығыстарды жоспарлау сапасын арттыру және мемлекеттік борышты бақылау мәселелері де талқыланды. Депутаттар қарызға қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындар мен оны өтеу көздерін бақылауды күшейту керектігін айтты.

    Заң жобасының бірінші оқылымда мақұлдануы алдағы үш жылға арналған республикалық бюджетті қараудың келесі кезеңіне жол ашты.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Депутат Атамқұлова Жұманғариннің Қазақстан экономикасы 5,4 пайызға өседі деген болжамына күмән келтірді

    Келесі жазба

    Астанада тапсырыс беру орталығының қызметкері 14,9 млн теңгенің тауарын жымқырды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Вьетнамға ұшып бара жатқан жолаушы ұшақ бортында көз жұмды: куәгерлер мән-жайды айтты

    Қазақстанда алдағы үш күнде күн суытып, қар аралас жаңбыр мен үсік күтіледі

    Астанада тапсырыс беру орталығының қызметкері 14,9 млн теңгенің тауарын жымқырды

    Құрылтай 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын мақұлдады

    Депутат Атамқұлова Жұманғариннің Қазақстан экономикасы 5,4 пайызға өседі деген болжамына күмән келтірді

    Әнші Сәкен Майғазиевтің анасы дүниеден өтті

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 448.45 ₸
    EUR EUR 501.59 ₸
    RUB RUB 5.36 ₸

    © 2025 TauNews