Сәкен Майғазиевтің анасы дүниеден өтті
«МузАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев қаралы хабар жеткізді. Өнер иесінің анасы Ұлтай Мейрамбекқызы өмірден өтті. Қайғылы хабарды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Жарияланған естіртуге сәйкес, марқұмның жаназа намазы 2026 жылғы 14 қазанда Түркістан облысы Созақ ауылындағы өз шаңырағында сағат 15:00-де оқылады.
Әншінің отбасына қайғыра көңіл айтып, әлеуметтік желіде жылы лебіздерін білдіргендердің қатарында қоғам қайраткерлері мен өнер өкілдері де бар.
Нұрлан имам марқұмның имандылығын, қазақы болмысын сақтап, ұрпағын тәрбиелеген ардақты ана болғанын атап өтіп, жанының жәннатта болуын тіледі.
Ал Нұрсұлтан Рысмағамбет Сәкен Майғазиевке көңіл айтып, марқұмның барар жері пейіш болсын деген тілегін жеткізді. Сондай-ақ елде болмағандықтан, қайғыға ортақтасуға бара алмай отырғанын жазды.
Заңгер Мейірман Шекеев те әншіге қолдау білдіріп, анасының иманы саламат, жаны жәннатта болуын тіледі.
Қаралы хабарға байланысты өзге де танымал тұлғалар мен желі қолданушылары Сәкен Майғазиевтің отбасына көңіл айтып, марқұмның жақындарына сабыр тілеуде.
USD