3 Мамыр 2026, Жексенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазақстанда егін орағы кезінде 24 млн тонна астық жиналады – үкімет болжамы

    23 Қыркүйек, 2025
    Қазақстанда егін орағы кезінде  24 млн тонна астық жиналады – үкімет болжамы

    Фото: istockphoto.com

    Республика бойынша егін алқабының 63,7 пайызы жиналған, 15,5 млн тонна астық қамбаға құйылды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

    Оның айтуынша, қазір елімізде жаппай егін жинау науқаны жүріп жатыр, ал оңтүстік өңірлерде аяқталуға жақын.

    «Үкімет тарапынан жеңілдетілген қаржыландырудың қажетті жағдайлары жасалып, қолайлы ауа райының арқасында вегетациялық кезең сәтті өтті. Жалпы егін жинау алаңы 23,6 млн гектарды құрайды, оның ішінде 16 млн гектардан астамы – дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар. Егін жинау жұмыстары уақытылы басталып, өткен жылмен салыстырғанда қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі таңда республика бойынша жалпы егін жинау алаңының 63,7%-ы жиналды, орташа өнімділік гектарына 15,2 центнерді құрады. 15,5 млн тонна астық қамбаға құйылды», – деді Сапаров Үкімет отырысында.

    Әкімдіктердің деректеріне сәйкес, астық бойынша болжам 24 млн тонна деңгейінде күтіліп отыр. Бұл ішкі нарықтың азық-түлік, жем-шөп, тұқымдық қажеттілігін толық қамтамасыз етуге және экспорт көлемін сақтауға мүмкіндік береді, дейді министр.

    «Бұл ретте, астықты теңіз порттарына экспорттау кезіндегі шығындарды өтеуге субсидиялау мерзімін ұзарту – астықты жаңа нарықтарға шығаруға ықпал етеді. Қазірдің өзінде 700 мың тонна майлы дақылдар жиналды. Биыл майлы дақыл тұқымынан шамамен 4 млн тонна өнім күтілуде, бұл рекордтық көлем болады», – деді Сапаров.

    Сонымен қатар, 1,8 млн тонна картоп, 2,9 млн тонна көкөніс, 2,2 млн тонна бақша өнімдері жиналған.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

    Келесі жазба

    Тоқаев Сауд Арабиясы халқын ұлттық мейрамымен құттықтады

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews