25 Қараша 2026, Сәрсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 458.28 ₸
    EUR EUR 501.45 ₸
    RUB RUB 5.59 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    ҚАЗАҚСТАНДА ГО ОЙЫНЫНАН «ЖІБЕК ЖОЛЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

    25 Қараша, 2026
    ҚАЗАҚСТАНДА ГО ОЙЫНЫНАН «ЖІБЕК ЖОЛЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

    Астанада Го (Вэйци) ойынынан «Жібек жолы» халықаралық турнирі өтті. Зияткерлік сайысқа Қазақстан, Қытай, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан келген 71 ойыншы қатысты. Түрлі буын мен мәдениеттің өкілдерін тоғыстырған жарыс зияткерлік спорттың халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы әлеуетін көрсетті.

    Турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Го федерациясының президенті Ерлан Баймұхаметов, Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь, спорт және зияткерлік қауымдастық өкілдері, сондай-ақ құрметті қонақтар қатысты.

    Ұйымдастырушылар турнирдің мәдени мазмұнына да ерекше мән берді. Астанадағы Қытай мәдени орталығының директоры Ван Цинпиннің айтуынша, Го түрлі ұлт пен мәдениет өкілдерін біріктіретін ортақ тілге айналып келеді.

    «Осы екі күн ішінде Го ойынының Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде қарқынды дамып келе жатқанына қуанышпен куә болдық. Ол әлемнің әртүрлі ұлттары мен мәдениеттерінің өкілдерін біріктіретін ортақ тілге айналып келеді. Әрбір аяқталған партия, оның нәтижесіне қарамастан, жаңа достықтың бастамасы бола алады», – деді ол.

    Қазақстан Го федерациясының президенті Ерлан Баймұхаметов қатысушылар көрсеткен ойын деңгейіне жоғары баға беріп, Астанадағы халықаралық турнир жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады деген үмітін білдірді.

    «Алты турнирлік кезеңде терең стратегияларды, әдемі комбинацияларды, спорттық мінез бен қарсыластар арасындағы шынайы құрметті көрдік. Қазақстан астанасында осындай ауқымды халықаралық турнирлерді өткізу игі дәстүрге айналып, үздік ойыншыларды алдағы уақытта да бір алаңға жинайды деп сенеміз», – деді ол.

    Го ойыны Қытайда 2500 жылдан астам уақыт бұрын пайда болып, кейін әлемнің көптеген еліне тараған. Сырттай қарағанда қарапайым көрінетін бұл ойын – тақта мен ақ-қара тастардан тұрады. Алайда ол терең стратегиялық ойлауды, шыдамдылықты, зейін қоюды және әрбір шешімнің салдарын алдын ала болжай білуді талап етеді.

    Бұл ойынның балалар мен жастар үшін пайдасы зор. Ол аналитикалық қабілетті дамытып, белгісіздік жағдайында шешім қабылдауға, тәуекелдерді бағалауға және өз таңдауы үшін жауапкершілік алуға үйретеді.

    Халықаралық турнирдің бас төрешісі Қырғызстан Го федерациясының президенті Даврон Юлдашев болды.

    Жарыс қорытындысы бойынша халықаралық, Орталық Азия және ұлттық есептегі жеңімпаздар, сондай-ақ жас ерекшелігі мен біліктілік деңгейіне қарай жекелеген номинациялар бойынша үздіктер анықталды.

    Қазақстан құрамасы үшін басты жетістіктің бірі – Қарағанды қаласындағы Го мектебінің оқушысы Мерей Хуанбайдың «Қазақстанның үздік ойыншысы» атануы.

    Орталық Азия елдері арасындағы есепте бірінші орынды Қырғызстан өкілі Данай Айталиев иеленді. Екінші орын қазақстандық Мерей Хуанбайға бұйырса, үшінші орын тағы бір қырғызстандық ойыншы Эрнур Эмилиевке берілді.

    Халықаралық есепте Қытай мен Оңтүстік Корея өкілдері үздік үштікті түйіндеді. Бірінші орынды Дэн Чжишэн (Қытай), екінші орынды Ким Дохёп (Оңтүстік Корея), үшінші орынды Чжан Цзяньпин (Қытай) иеленді.

    Басқа номинациялар бойынша да жеңімпаздар анықталды: 1 кю деңгейіне дейінгі үздік ойыншы – Элим Ражапов (Қырғызстан); 5 кю деңгейіне дейінгі үздік ойыншы – Жаслан Досжанов (Қазақстан); 10 кю деңгейіне дейінгі үздік ойыншы – Бурхон Иномжонов (Өзбекстан); 15 кю деңгейіне дейінгі үздік ойыншы – Антон Иванов (Қазақстан); 20 кю деңгейіне дейінгі үздік ойыншы – Данияр Русланұлы (Қырғызстан); 25 кю деңгейіне дейінгі үздік ойыншы – Арман Құрманаев (Қазақстан); үздік қыз ойыншы – Инкара Мұқанова (Қазақстан); 16 жасқа дейінгі үздік ойыншы – Акбаржон Иномжонов (Өзбекстан); 12 жасқа дейінгі үздік ойыншы – Эмирхан Нурбеков (Қырғызстан).

    Халықаралық есепте жеңіске жеткен қытайлық Дэн Чжишэн үшін Қазақстанға сапар ерекше оқиға болды. Ол елімізге алғаш рет келіп қана қоймай, шетелдегі халықаралық жарысқа да тұңғыш рет қатысты.

    «Осы екі күн мен үшін ерекше әсерге толы болды. Қытайда өтетін турнирлерден біршама айырмашылықты байқадым. Дәл осы ерекшеліктер жарысты одан әрі қызықты ете түсті. Біз кейде бір-біріміздің тілімізді түсінбесек те, ойын тақтасының басында қарсыластың ойын барысындағы ниеті мен стратегиясын жақсы түсіндік. Бұл сапардан ерекше әрі жақсы әсер алдым», – деді Дэн Чжишэн.

    Оның айтуынша, Го ойыны бала кезінен өмірінің бір бөлігіне айналған. Қытайда бұл ойыннан жарыстар тұрақты өткізіледі. Сондықтан ол турнирлерге жас кезінен қатысып келеді. Ал Астанадағы жарыс оған шеберлігін сынап қана қоймай, өзге елдердің ойыншыларымен танысуға мүмкіндік берді.

    Қазақстандық қатысушылар да бәсекелестік деңгейінің жоғары болғанын атап өтті. Еліміздің үздік ойыншыларының бірі, 22 жастағы Мерей Хуанбай Го ойынымен төрт жылға жуық уақыт айналысады. Оның айтуынша, екі күнге созылған турнир ұйымдастырушылық және спорттық деңгейі жоғары жарыс болды. Ал шетелдік қарсыластармен өткен партиялар мол тәжірибе жинауға мүмкіндік берді. Мерей үшін Оңтүстік Корея қатысушысымен өткен кездесу ерекше тартысты болды. Ойын белгіленген уақыт аяқталғанға дейін жалғасып, қазақстандық спортшының жеңісі сабырлылығы мен табандылығының арқасында келді.

    «Турнир барысында көптеген мықты ойыншымен кездесіп, Қытай мен Кореядан келген қатысушылармен таныстым. Әсіресе кореялық спортшымен өткен соңғы партия есімде қалды. Ол өте мықты қарсылас болды, тартыс соңғы минутқа дейін жалғасты. Нәтижеме қуаныштымын. Осындай жарысты ұйымдастырғаны үшін ұйымдастырушыларға, волонтерлерге және Қазақстан Го федерациясының президенті Ерлан Баймұхаметовке алғысымды білдіремін», – деді Мерей.

    Жас спортшы бұған дейін Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея және Қырғызстанда өткен халықаралық жарыстарға қатысқан. Алдағы уақытта ол шеберлігін шыңдап, жаңа жарыстарға дайындалуды көздеп отыр. Басты мақсаттарының бірі – Қазақстан чемпионатында топ жарып, бірінші орын иелену.

    Ресей Го федерациясының бірінші вице-президенті Наталья Ковалёва да турнирдің ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға берді. Оның айтуынша, жарыс осы спорт түрі бойынша Азияда қалыптасқан жоғары стандарттарға сай өткізілген.

    «Турнирдің деңгейі өте жоғары болды. Жарыс Азия стандарттарына сай өтті. Біздің спорт түрінде бұл стандарттар әлемдегі ең үздіктердің бірі саналады. Ұйымдастыру жұмыстары да жоғары деңгейде болды. Әсіресе Го ойынының терең дәстүрлері қалыптасқан әрі зияткерлік мәдениетінде айрықша орны бар Қытайдан үлкен делегацияның келуі қуантады», – деді ол.

    Ол жеті жасынан бастап Го ойынымен айналысады. Айтуынша, бүгінде Ресейде бұл ойынмен шамамен 20 мың адам шұғылданады. Қазақстанда да Гоға деген қызығушылық біртіндеп артып келеді.

    Қазақстанда зияткерлік ойынның дамуы жүйелі сипат ала бастады. 2022-2026 жылдар аралығында елімізде қалалық, халықаралық және мектеп оқушылары арасында барлығы 16 турнир ұйымдастырылған.

    Бұл көрсеткіштер зияткерлік спортқа, әсіресе балалар мен жастар арасында қызығушылықтың артып келе жатқанын аңғартады. Оны кеңінен насихаттауда халықаралық жарыстармен қатар, тұрақты жаттығуға, үйренуге және түрлі деңгейдегі турнирлерге қатысуға жағдай жасау маңызды рөл атқарады.

    «Жібек жолы» турнирі зияткерлік спорттың маңызы жарыс нәтижелері мен жүлделі орындардан әлдеқайда кең екенін көрсетті. Бір қатысушылар үшін бұл – халықаралық аренада өз күшін сынау мүмкіндігі болса, енді бірі үшін жаңа тәжірибе жинап, достар табуға және көрші елдердің мәдениетімен танысуға жол ашатын алаң.

    Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан қазіргі кезеңде мұндай ойындардың құндылығы арта түсуде. Өйткені олар адам ойлауының, талдау қабілетінің, шешім салдарын болжай білудің және айналасындағылармен ортақ тіл табысудың маңызын еске салады. Осылайша, зияткерлік спорт Қазақстан мен өзге елдер арасындағы достықты нығайтатын тағы бір алтын көпірге айналып отыр.

     

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қазақ халқының шығу тегін зерттеген тұңғыш антрополог Алматыда қайтыс болды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    ҚАЗАҚСТАНДА ГО ОЙЫНЫНАН «ЖІБЕК ЖОЛЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

    Қазақ халқының шығу тегін зерттеген тұңғыш антрополог Алматыда қайтыс болды

    Оңтүстік-Шығыс Азияда қауіпті вирус таралуда: дәрігерлер қазақстандықтарға ескерту жасады

    ШҚО боксшылары жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында алты медаль иеленді

    Атырауда автобус оқушыны қағып, үш адам зардап шекті

    Ақмола облысында ер адамды жүк пойызы басып кетті

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    imunify-bot-check
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 458.28 ₸
    EUR EUR 501.45 ₸
    RUB RUB 5.59 ₸

    © 2025 TauNews