15 Шілде 2026, Сәрсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 468.88 ₸
    EUR EUR 534.1 ₸
    RUB RUB 6.04 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет Төрт құрлық чемпионаты өтетін болды

    22 Маусым, 2026
    Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет Төрт құрлық чемпионаты өтетін болды

    Фото: Olympic.kz

    Халықаралық конькишілер одағының (ISU) шешімімен Астана 2027 жылы мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын өткізетін қала ретінде ресми түрде бекітілді.

    ҚР ҰОК мәліметінше, жарыс 2027 жылғы 9-14 ақпан аралығында өтеді. Астанаға Азия, Америка, Африка және Мұхит аймағының үздік мәнерлеп сырғанаушылары жиналады. Турнирді өткізу Қазақстан үшін де, мәнерлеп сырғанаудың жаһандық дамуы үшін де маңызды оқиға болмақ.

    ISU мәліметінше, бұл шешім Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудың танымалдығының қарқынды өсуінің жалғасы болды. Бұған 2026 жылдың ақпан айында Милан мен Кортина-д’Ампеццода өткен қысқы Олимпиада ойындарында Михаил Шайдоровтың ерлер арасындағы жекелей сында тарихи алтын медаль жеңіп алуы үлкен әсер етті. Оның жетістігі елде бұл спорт түріне деген қызығушылықты бұрын-соңды болмаған деңгейге көтеріп, жаңа буын спортшылар мен жанкүйерлерге шабыт берді.

    Төрт құрлық чемпионаты Қазақстан үшін мәнерлеп сырғанаудан ең ірі турнир болмақ. Бұған дейін еліміз 2011 жылғы қысқы Азия ойындарын және 2017 жылғы қысқы Универсиаданы жоғары деңгейде қабылдаған болатын. Аталған жарыстардың бағдарламасына да мәнерлеп сырғанаудан бәсекелер енгізілген еді.

    «Біз Қазақстанда алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын өткізетінімізге қуаныштымыз. Бұл Орталық Азиядағы жанкүйерлер үшін әлемдік деңгейдегі жарысты өз көздерімен көріп, сүйікті спортшыларын қолдауға тамаша мүмкіндік. Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудың танымалдығы жаңа деңгейге көтерілді және Астана спортшылар, жанкүйерлер мен жарысқа қатысушылар үшін тамаша алаң болатынына сенімдіміз. Қазақстан бұл турнирге өзіндік энергиясын, қонақжайлығын және өршіл мақсаттарын алып келетініне күмән жоқ», – деді ISU президенті Ким Джэ Ёль.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    «Бэби-бум» қарқыны төмендеді: Қазақстанда бала туу көрсеткіші жылдан жылға азайып барады

    Келесі жазба

    Қазақстанда көтерме сауда көлемі бес айда 19,6 трлн теңгеге жетті

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Казахстанцам разрешили въезжать в Индонезию без визы на срок до 30 дней

    Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» Сұлтан Сәрсемәлиев өмір бойына сотталды

    Тоқаев Эмманюэль Макронды Францияның ұлттық мерекесімен құттықтады

    Астанада заңсыз концерт өтіп, жастардың жалаңаштанып жүрген видеосы тарады

    Астана маңындағы демалыс орнында ер адам бассейнге батып кете жаздады

    Ұшақ ішінде полицейді боқтаған Астана тұрғыны сот алдында жауап берді

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 468.88 ₸
    EUR EUR 534.1 ₸
    RUB RUB 6.04 ₸

    © 2025 TauNews