3 Мамыр 2026, Жексенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазақстанда жер қойнауының цифрлық картасы жасалады

    9 Қыркүйек, 2025
    Қазақстанда жер қойнауының цифрлық картасы жасалады

    Фото: depositphotos.com

    Қазақстанда келесі жылы жер қойнауының цифрлық картасын дайындау жұмыстары басталады. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.

    «Биыл Үкімет резервінен екінші дәрежеде геологиялық түсірілімге арналған жобалау-сметалық құжаттар әзірлеуге қаражат бөлінді (1:50 000 масштабында). Осы жұмыстар аясында аэрогеофизика, геохимия, арнайы ғарыш спектрлік талдау және басқа да деректерді қамтитын заманауи геологиялық карталар дайындалып, жұмыс келесі жылы басталады», – деді министр Үкімет отырысында.

    Сонымен қатар, оның айтуынша, Астанада халықаралық деңгейдегі геологиялық зертхана құрылады.

    «Бүгінде әлемге танымал екі ірі зертхана – RCI Inspection және PARAGON компанияларымен геоаналитикалық зертхана ашу келісіміне қол қойылды. Зертхана Астанада салынады, оған арнайы жер учаскесі бөлініп, оның базасында керн (кернохранилище) және қор сақтау қоймалары болады. Қазіргі уақытта жобалау және барлау жұмыстарына дайындық жүргізіліп жатыр»,- деді Нағаспаев.

    Бұған қоса Жезқазғанда заманауи зертханасы бар керн сақтау қоймасы салынды. Қазір осы қойманы «Kazakhmys Barlau» компаниясынан «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ-ға сенімгерлік басқаруға беру туралы келіссөз жүріп жатыр.

    Сондай-ақ министрлік геологиялық деректерді цифрландыру және жүйелеу жұмысын жалғастырады. Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда геологиялық деректердің 60 пайыздан астамы цифрланған. Толық цифрландыру 2026 жылдың соңында аяқталады. Деректерді цифрландыру кезінде жасанды интеллекті пайдаланылады. Бұл геологиялық ақпаратты талдауға және жинақтауға мүмкіндік бермек.

    Нағаспаев геологиялық барлау және жер қойнауын игеру саласындағы реформаларды көздейтін заң жобасы әзірленіп, мемлекеттік органдармен және бизнеспен келісілгенін атап өтті. Құжат Мәжіліске осы айдың соңына дейін енгізіледі деп жоспарланып отыр.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Руслан Желдібай Тоқаевтың көмекшісі әрі баспасөз хатшысы болып тағайындалды

    Келесі жазба

    Қазақстанда биыл магистратураға тапсырғандар саны 51 мыңнан асып түсті

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews