3 Мамыр 2026, Жексенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазақстандағы кей адамдар 1,5 миллион теңге көлемінде тегін грант ала алады

    10 Қазан, 2025
    Қазақстандағы кей адамдар 1,5 миллион теңге көлемінде тегін грант ала алады

    Фото: freepik.com

    Қазақстанда 20 қазаннан бастап жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау мақсатында мемлекеттік гранттарға өтінім қабылдау басталады. Қаржылай көмек көлемі — 400 АЕК, яғни 1,5 миллион теңгеден астам. Бағдарлама еліміздің тоғыз өңірін қамтиды.

    Министрліктің мәліметінше, 2025 жылы гранттар Абай, Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында берілмек.

    «Грант мөлшері – 400 АЕК (1 572 800 теңге). Әрбір қатысушы оны тек бір рет ала алады. Гранттар өтеусіз негізде беріледі және олардың негізгі мақсаты – жаңа бизнесті іске қосу мен дамыту», – деп нақтылады ведомство.

    Өтінімді business.enbek.kz порталы арқылы беруге болады: қатысушы тіркеліп, бизнес-жоспар мен өтінішті толтырып, оны ЭЦҚ арқылы қол қоюы тиіс. Сондай-ақ құжаттарды жұмыспен қамту орталықтарындағы және ХҚКО-дағы өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында тапсыруға мүмкіндік бар.

    Грант алуға жұмыссыздар мен тіркелгеніне үш жылдан аспаған жеке кәсіпкерлер қатыса алады. Бірақ олар әлеуметтік санаттардың біріне жатуы тиіс: мүгедектігі бар адамдар, қандастар, қоныс аударушылар, көпбалалы немесе аз қамтылған отбасылар және басқа санаттар.

    Берілген қаражатты үй-жайды жалдауға, жабдық, құрал-жабдықтар, мал, тұқым немесе көшет сатып алуға пайдалануға болады. Дегенмен грант тұтынушылық мақсаттарға, несие төлеуге немесе тұрғын үй сатып алуға берілмейді.

    Еңбек министрлігінің хабарлауынша, өтінімдерді іріктеу комиссиялық түрде жүргізіледі – бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі мен өміршеңдігі бағаланады.

    «Комиссияның әр мүшесі бизнес-жоспарды нақты критерийлер бойынша бағалайды – жоба мазмұнының пысықталуы, өткізу нарығы және жаңа жұмыс орындарын ашу әлеуеті. Грант беру туралы шешім ұжымдық түрде қабылданады», – деді министрлікте.

    Нәтижелер үміткерлерге жеке кабинеттері арқылы хабарланады.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Астананың айналасындағы жасанды орманға жүздеген қырғауыл құсы жіберілді

    Келесі жазба

    Астанада караоке-барда көңіл көтеріп қайтпақ болғандар жолдың қақ ортасында төбелесіп қалды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews