16 Қараша 2026, Дүйсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 444.3 ₸
    EUR EUR 490.91 ₸
    RUB RUB 5.41 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазақстанның Ресей экономикасына салған қаржысы 9 млрд доллардан асты – Тоқаев

    28 Мамыр, 2026
    Қазақстанның Ресей экономикасына салған қаржысы 9 млрд доллардан асты – Тоқаев

    Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөздерді ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғастырды.

    Мемлекет басшысы Ресей президентінің Қазақстанға жасаған сапары жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы қарым-қатынастардың ерекше сипатын көрсететінін атап өтті.

    «Қазақстан үшін ең әуелі Ресеймен жақын әрі достық байланыстар айрықша маңызды десек, артық болмайды. Бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты ынтымақтастық барлық салада сенімді түрде дамып келеді әрі оны мемлекетаралық байланыстардың нағыз үлгісі деп атауға болады. Біз шағын құрамда нәтижелі келіссөз жүргізіп, сан қырлы серіктестігімізді нығайтуға ниетті екенімізді растадық. Елдеріміздің арасында ешқандай шешілмеген мәселе жоқ. Тек оң динамика байқалады. Осы қарқынды сақтап, жаңа жобалар мен бастамалар арқылы ынтымақтастықты дамыта береміз. Бұл орайда бүгін қабылданатын «Қазақстан және Ресей халықтары арасындағы достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы» бірлескен мәлімдеменің маңызын ерекше атап өткім келеді. Аталған құжат қарым-қатынасымыздың сипатын танытады және оны ұзақмерзімді негізде тереңдетуге бейіл екенімізді көрсетеді», – деді президент.

    Мемлекет басшысының айтуынша, әлемдегі күрделі ахуалға қарамастан, екіжақты ықпалдастық, әсіресе, экономика саласында табысты өрбіп келеді. Өңіраралық ынтымақтастық форумдарын өткізу дәстүрге айналды.

    «Ресей Қазақстан экономикасына қаржы құйған елдердің арасындағы ең ірі инвестор саналады. Қазақстанның Ресей экономикасына салған қаржысы 9 миллиард доллардан асты. Бұл – өте жақсы көрсеткіш, екі ел президенттерінің әкімшіліктері мен үкіметтерінің бірлесе атқарған жұмысының нәтижесі. Осы қарқынды ары қарай жалғастыруға уағдаластық. Бүгінде инвестицияның жалпы көлемі 53 миллиард доллар болатын 177 бірлескен жобаның пулы жасақталды, оның ішінде 122-сі іске асырылды, яғни, операциялық кезеңге өтті», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қазақстанда заңсыз қоқыс орындарын жою тәртібі өзгереді

    Келесі жазба

    «Күніне 1500-2000-ға көлік қатынайды»: депутат Түлкібастағы теміржол өткелі мәселесін шешуді сұрады

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Марал Төлепберген Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

    Қазақстанда түсірілген Джеки Чан фильміне мамандар жеңілдетілген несие алған

    Астанада ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларын ұстады

    Қаскелеңде ер адам мектеп терезесін шағып, ғимаратқа заңсыз кірген

    Ақтауда мектептегі жанжал: директордың әйелі сот алдында жауап береді

    Бүлдіршіндерді ұрған тәрбиешілер сотталды: сот қандай шешім шығарды?

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 444.3 ₸
    EUR EUR 490.91 ₸
    RUB RUB 5.41 ₸

    © 2025 TauNews