4 Қыркүйек 2026, Жұма
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 455.86 ₸
    EUR EUR 528.84 ₸
    RUB RUB 5.25 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Құрылтай басшылығының құрамы белгілі болды

    28 Тамыз, 2026
    Құрылтай басшылығының құрамы белгілі болды

    Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

    Бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы отырысында жаңа органның басшылық құрамы жасақталды. Депутаттар Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебайдың үш орынбасарын сайлады.

    Құрылтай төрағасының орынбасары қызметіне Нұрлан Бекназаров, Дания Еспаева және Динара Зәкиева бекітілді. Үшеуі де бірінші шақырылымдағы Құрылтай депутаттары.

    Нұрлан Бекназаров

    Нұрлан Бекназаров 1964 жылы 12 маусымда Шымкентте туған. Мемлекеттік қызмет пен саясат саласында тәжірибесі бар.

    2018–2026 жылдары ол Шымкент қаласының атынан Парламент Сенатында депутаттық қызмет атқарды. 2026 жылдан бастап «Әділет» партиясының партиялық тізімі арқылы Құрылтай депутаты болып сайланды.

    Дания Еспаева

    Дания Еспаева 1961 жылы Ақтөбе облысының Мәртөк ауданындағы Жайсаң ауылында дүниеге келген. Мамандығы бойынша экономист, саясаткер.

    Ол 2016 жылдан 2026 жылға дейін Парламент Мәжілісінің депутаты болды. 2023–2026 жылдары төменгі палата төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

    2026 жылдан бері «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы. Сонымен қатар партиялық тізім бойынша Құрылтайдың бірінші шақырылымына депутат болып өтті.

    Динара Зәкиева

    Динара Зәкиева 1982 жылы 22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында туған. Мемлекеттік және қоғамдық қызметте тәжірибесі бар.

    2023 жылғы маусымнан бастап Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарды. Бұған дейін 2021–2023 жылдары Мәжіліс депутаты болған.

    Осылайша, Құрылтай басшылығында парламенттік және мемлекеттік басқару саласында тәжірибесі бар үш орынбасар жұмыс істейтін болды.

    Айта кетейік, бүгін Астанада бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясы өтіп жатыр. Отырыс барысында депутаттар Қазақстан халқына ант берді.

    Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай төрағасы лауазымына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынған болатын. Депутаттар ұсынысты қолдап, оны жаңа заң шығарушы органның төрағасы етіп сайлады.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    FlyArystan ұшағында өрт: Алматы әуежайында бір адам жараланды

    Келесі жазба

    Ақтауда SUP-борд мінген ер адам Каспийде суға батып кетті

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Астанада екі қабатты үйден алапат өрт шықты

    Ақтөбе облысында екі Toyota Camry соқтығысып, 6 адам көз жұмды

    Арман Қырықбаев Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды

    Мұрат Мұханов Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды

    Тоқаев Жасанды интеллект және цифрлық даму министрін қызметіне қайта бекітті

    Тоқаев екі министрді өз қызметіне қайта тағайындады

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 455.86 ₸
    EUR EUR 528.84 ₸
    RUB RUB 5.25 ₸

    © 2025 TauNews