16 Қыркүйек 2026, Сәрсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 447.88 ₸
    EUR EUR 516.58 ₸
    RUB RUB 5.29 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Құрылтай депутаттарының жұмыс тәртібі өзгерді: жаңа регламент қабылданды

    10 Қыркүйек, 2026
    Құрылтай депутаттарының жұмыс тәртібі өзгерді: жаңа регламент қабылданды

    Фото: Құрылтайдың баспасөз қызметі

    Бүгін Құрылтайдың жалпы отырысында депутаттардың жұмыс тәртібін, заң шығару процесін және палатаның қызметін ұйымдастыруды айқындайтын жаңа Регламент жобасы қабылданды. Құжат 31 тарау мен 310 тармақтан тұрады.

    Жаңа ережеге сәйкес, Құрылтай қызметінің негізгі форматы — сессия. Кезекті сессия жыл сайын қыркүйектің алғашқы жұмыс күнінде басталып, маусым айының соңғы жұмыс күніне дейін жалғасады.

    Сессия аралығында депутаттар заңнамалық бастамалармен жұмыс істеумен қатар, сайлаушылармен кездесулер өткізеді. Өңірлерге бару үшін әр депутатқа күнтізбелік 10 күнге дейін уақыт беріледі. Сонымен бірге әр сессия барысында депутаттар кемінде екі рет өңірлерге шығуы тиіс.

    Құрылтай отырыстары қай күндері өтеді?

    Регламентте жалпы отырыстарды өткізу кестесі де нақты белгіленген. Енді Құрылтайдың жалпы отырыстары сәрсенбі немесе бейсенбі күндері ұйымдастырылады. Құрылтай тыңдаулары жұмаға, ал Үкімет сағаты дүйсенбіге жоспарланады.

    Жалпы отырыс депутаттардың кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып саналады. Бұл ретте 145 депутаттың кемінде 97-сі отырысқа қатысуы қажет.

    Заң жобалары үш оқылымда қаралады

    Регламенттің негізгі бөлімдерінің бірі заң шығару процесіне арналған. Жаңа тәртіп бойынша заң жобалары Құрылтайда үш оқылымнан өтеді.

    Бірінші оқылымда заң жобасының мақсаты, тұжырымдамасы мен негізгі нормалары талқыланады. Екінші оқылым кезінде депутаттар енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қарайды. Үшінші оқылымда құжаттың Конституцияға және қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі тексеріліп, редакциялық және техникалық мәселелер пысықталады.

    Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Снежанна Имашева заң шығару тәртібінің жаңа Регламентте маңызды орын алатынын атап өтті.

    Депутаттық сауалға жауап беру мерзімі белгіленді

    Құжат депутаттық сауалдарды жолдау тәртібін де реттейді. Депутаттар Премьер-министрге, Үкімет мүшелеріне, бірқатар мемлекеттік органдардың басшыларына және өңір әкімдеріне сауал жолдай алады.

    Оларға жауап бір айдан аспайтын мерзім ішінде берілуі тиіс.

    Сонымен қатар Үкімет сағаты парламенттік бақылаудың негізгі құралдарының бірі ретінде қарастырылған. Оның барысында депутаттар Үкімет өкілдерінің баяндамаларын тыңдап, сұрақтар қойып, өзекті мәселелерді талқылайды. Бұдан бөлек, Құрылтайда арнайы тыңдаулар өткізу мүмкіндігі қарастырылған.

    Парламенттік оппозицияға да кепілдіктер берілді

    Жаңа Регламентте парламенттік оппозицияның құқықтарына қатысты нормалар да енгізілген. Оппозиция өкілдері сессия барысында кемінде бір рет тыңдау өткізуге бастамашылық жасай алады.

    Сонымен бірге оларға жылына кемінде екі рет Үкімет сағатының күн тәртібін айқындауға мүмкіндік беріледі. Тұрақты комитеттердің басшылық құрамында оппозиция өкілдерінің болуы да көзделген.

    Депутаттардың жауапкершілігі күшейтіледі

    Құжат депутаттардың тәртібі мен жауапкершілігіне қатысты талаптарды да белгілейді. Себепсіз түрде отырыстарға жүйелі қатыспау, өз дауысын басқа депутатқа беру немесе депутаттық әдеп талаптарын бұзу жағдайларында тиісті шаралар қолданылмақ.

    Құрылтай жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін жалпы отырыстар, тыңдаулар мен Үкімет сағаттары стенографияланып, бейнежазбаға түсіріледі. Бұл материалдарды Құрылтайдың интернет-ресурсында жариялау жоспарланып отыр.

    Айта кетейік, бүгінгі жалпы отырысқа 145 депутаттың 140-ы қатысуда.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    БҚО-да мас жүргізуші екі әйелді қағып, біреуін мерт қылып, оқиға орнынан қашып кетті

    Келесі жазба

    Депутат «треш-стримингтерге» заңмен тыйым салуды ұсынды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстанда реттелетін криптонарық көлемі 30 есе өсті

    Ақтөбеде дінді желеу еткен күдіктілер ұсталды: ауыр қылмысқа дайындалған

    Индонезия жағалауында жолаушылар кемесі аударылды: 129 адам іздестіріліп жатыр

    Қазақстанда ЭКҰ көмегімен 15 мыңға жуық сәби дүниеге келген

    Құрылтай қоғамдық қабылдауын іске қосты

    Астанада төбелес кезінде қару қолданған ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 447.88 ₸
    EUR EUR 516.58 ₸
    RUB RUB 5.29 ₸

    © 2025 TauNews