Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай құрамына енген бірнеше азаматты бұрын атқарған мемлекеттік қызметтерінен босатты.
Ақорданың хабарлауынша, тиісті шешім Президент жарлығымен рәсімделген. Қызметінен босатылғандардың қатарында Сатыбалды Ересұлы Бұршақов, Дархан Мейрамұлы Ахмедиев, Абай Алтай және Ербол Дәненұлы Адаев бар.
Атап айтқанда, Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македониядағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.
Дархан Ахмедиев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымын тапсырды.
Ал Абай Алтай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды.
Ербол Адаев болса Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.
Осылайша, Құрылтай депутаты атанған азаматтардың бірқатары бұрынғы мемлекеттік лауазымдарынан ресми түрде босатылды.
USD