13 Шілде 2026, Дүйсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 464.71 ₸
    EUR EUR 531.26 ₸
    RUB RUB 6.05 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    «Қырық рет қан тапсырғандар алады»: Қазақстанда тағы бір марапат түрі пайда болды

    13 Шілде, 2026
    «Қырық рет қан тапсырғандар алады»: Қазақстанда тағы бір марапат түрі пайда болды

    Фото: © freepik.com

    Қазақстанда қан мен оның компоненттерін өтеусіз тапсырған азаматтарды марапаттауға арналған «Құрметті донор» атты жаңа ведомстволық төсбелгі пайда болмақ. Тиісті қаулыны Қазақстан Республикасы Үкіметі қабылдады.

    Жаңа марапатқа алғаш болып белгіленген талаптарға толық сәйкес келетін 481 тұрақты донор ие болады.

    Үкімет қаулысына сәйкес, «Құрметті донор» төсбелгісі Қазақстан азаматтарына, сондай-ақ Қазақстанда өтеусіз донорлық жасаған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.

    Марапатқа ие болу үшін үміткерлер мына талаптардың біріне сай болуы қажет:

    • қан және (немесе) тромбоцитті кемінде 40 рет өтеусіз тапсыру;
    • қан плазмасын кемінде 70 рет өтеусіз тапсыру.

    Жаңа марапат өмірді құтқаруға үлес қосып жүрген тұрақты донорлардың еңбегін мемлекеттік деңгейде мойындауға бағытталған. Осылайша, ұзақ жылдар бойы өтеусіз донорлықпен айналысып жүрген азаматтардың еңбегі алғаш рет арнайы ведомстволық наградамен бағаланбақ. Төсбелгілерді «Қазақстан теңге сарайы» әзірлейді. Оның дизайны Қазақстан Республикасы Геральдика жөніндегі республикалық комиссиясының келісімімен бекітілген.

    Төсбелгінің негізгі белгісі – қанық қызыл эмальмен көмкерілген қан тамшысы. Оның ортасында ақ түсті эмальмен жүрек соғысының графикалық ырғағы бейнеленген. Композиция күңгірт түсті дөңгелек жиекпен қоршалған.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Еуропада аптап ыстықтан көз жұмғандардың саны 10 мың адамнан асты

    Келесі жазба

    Қазақстанның бес оқушысы Колумбиядағы Халықаралық физика олимпиадасында алтын медаль иеленді

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Шығыс Қазақстанда жер үй өртеніп, ерлі-зайыпты зейнеткерлер қаза тапты

    Қазақстанның бес оқушысы Колумбиядағы Халықаралық физика олимпиадасында алтын медаль иеленді

    «Қырық рет қан тапсырғандар алады»: Қазақстанда тағы бір марапат түрі пайда болды

    Еуропада аптап ыстықтан көз жұмғандардың саны 10 мың адамнан асты

    Жүргізушілерге ескерту: Қазақстанда тағы 5 тасжолға орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізілді

    Ақтөбеде көшеден табылған сәби жаңа отбасына берілді

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 464.71 ₸
    EUR EUR 531.26 ₸
    RUB RUB 6.05 ₸

    © 2025 TauNews