11 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 518.39 ₸
    EUR EUR 603.09 ₸
    RUB RUB 6.68 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    QyzPU профессорлары «Құрмет» орденімен марапатталды

    11 Наурыз, 2025
    QyzPU профессорлары «Құрмет» орденімен марапатталды

    Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессорлары Айнагүл Ершина мен Дина Абдыкадырова бар.

    Айнагүл Қапасқызы Ершина – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. Жарты ғасырға жуық ғылыми-педагогикалық қызметінде жылуфизика, гидроаэромеханика салалары бойынша зерттеулер жүргізіп, жел турбиналарының аэродинамикалық сипаттамаларын жетілдіруге елеулі үлес қосты. 150-ден астам ғылыми мақаланың, бірнеше оқулық пен өнертабысқа патенттің авторы. Ғылыми еңбектері Scopus базасында индекстелген.

    Профессор ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері. Сондай-ақ, Қ.И. Сәтбаев атындағы І сыйлықтың, «Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің, «Ұлағат» күміс медалінің иегері. 2024 жылы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Құрмет грамотасымен марапатталды.

    Дина Рахимовна Абдыкадырова – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, 50 жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі маман. Ол дене шынықтыру және спорт саласында 50-ден астам ғылыми мақала мен әдістемелік құралдар әзірледі. Ұзақ жылдар QyzPU Дене шынықтыру және спорт кафедрасын басқарып, Азия, Әлем және Олимпиада чемпиондарын тәрбиеледі.

    Ғылым мен білімге сіңірген еңбегі үшін «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен, «Құрмет белгісі» медалімен марапатталған. 2002 жылы Халықаралық ғылыми-педагогикалық білім академиясының корреспондент-мүшесі, ал 2009 жылы QyzPU академиялық профессоры атанды.

    QyzPU профессорларын мемлекеттік марапатпен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз елене берсін, абыройларыңыз арта берсін!

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Бірыңғай уақыт белдеуі: Үкіметте мониторинг қорытындысы баяндалды

    Келесі жазба

    Мемлекет басшысы Берік Уәлиді қабылдады

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстанда ұлттық чип дизайн орталығын құру ұсынылды

    Мектепке аяқастынан тексеріспен барғандар бірден айыппұл салмайды – депутат

    Моңғолиядан келген қандастар енді зейнетақы қорындағы ақшасын Қазақстанға аудара алады

    Темірлан Анарбеков УЕФА марапатына ие болды

    Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады

    Ақтауда із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам өлі табылды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 518.39 ₸
    EUR EUR 603.09 ₸
    RUB RUB 6.68 ₸

    © 2025 TauNews