3 Мамыр 2026, Жексенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    «Сауда-саттық 2 млрд долларға жетті»: Қазақстан-Қырғызстан мемлекетаралық кеңесі өтті

    22 Тамыз, 2025
    «Сауда-саттық 2 млрд долларға жетті»: Қазақстан-Қырғызстан мемлекетаралық кеңесі өтті

    Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Қазақстан мен Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысты.

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың төрағалығымен Қазақстан мен Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің жетінші отырысы өтті.

    Мемлекет басшысы бауырлас қырғыз еліне шақырғаны үшін Садыр Жапаровқа алғыс айтып, бұл ресми сапарының мақсаты – қазақ-қырғыз байланысын нығайтып, өзара тиімді ынтымақтастықты күшейте түсу екенін жеткізді.

    «Біз жоғары саяси диалогтың арқасында екі елдің ықпалдастығын жаңа сапалы деңгейге көтереміз. Мен бұған кәміл сенемін. Қасиетті Алатаудың қос қыраны сияқты қазақ пен қырғыз – ежелден еншісі бір, тағдыры ортақ ағайынды халықтар. Қиын сәтте бір-біріне демеу, қуанышты күнде тілеулес бола білген елдер. Тарихтың талай тезінен аман өткен достығымыз – ата-бабадан қалған аманат, ұрпақтан ұрпаққа берілген рухани қазына. Қазір қос халықтың арасындағы қарым-қатынас өзара сенім мен сыйластыққа негізделген берік әріптестікке ұласты. Екі елдің байланысы одақтастық рухында дамып келеді. Қырғызстан – Қазақстанның аймақтағы басты стратегиялық серіктесінің бірі. Екіжақты сауда-саттық көлемі шамамен 2 миллиард долларға жетті. Бұл көрсеткішті еселеуге барлық мүмкіндік бар. Инвестициялық ынтымақтастық жылдан жылға нығая түсуде. Соның арқасында түрлі бірлескен жобалар табысты жүзеге асырылды. Су-энергетика саласында өзара үйлесімді жұмыс атқарылып жатыр. Мәдени-гуманитарлық саладағы байланысымыз да күшейіп келеді», – деді Қазақстан президенті.

    Мемлекет басшысының айтуынша, еліміз Қырғызстанмен ықпалдастықты тереңдете түсуге айрықша көңіл бөледі.

    «Былтыр Одақтастық қатынастарды кеңейту туралы тарихи шартқа қол қойдық. Бүгін біз Ынтымақтастықтың кешенді жоспарын қабылдаймыз. Осы маңызды қадамдар қазақ-қырғыз байланысын дамытуға тың серпін береді деп сенемін. Екі елдің үкіметтері бұл жоспарда көрсетілген мақсат-міндеттерді басшылыққа алуға тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қыркүйектен бастап барлық мектепте қауіпсіздік сабақтары өтеді

    Келесі жазба

    Тоқаев Қырғызстанның бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерін марапаттады

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews