3 Мамыр 2026, Жексенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Шерзат Полаттың ісі: апелляция алдыңғы соттың шешімін өзгертті ме

    19 Тамыз, 2025
    Шерзат Полаттың ісі: апелляция алдыңғы соттың шешімін өзгертті ме

    Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

    Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотталғандардың жазасы сол күйінде қалды.

    Апелляцияның шешімі бүгін, 19 тамыздан бастап заңды күшіне енген.

    Алматы облыстың сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, апелляциялық тәртіпте Ш. Полатты өлтірді деп айыпталған тоғыз адамға қатысты қылмыстық іс қаралған.

    Бірінші сатыдағы соттың үкімі мынандай еді:

    • А.Н. Шынасыл ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 5,9,14-тармақтары (адам өлтіру), 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 1,7,9-тармақтары (кісі өлтіруге оқталу), 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, қылмыстардың жиынтығы бойынша 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
    • Р. Сакиев ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 7,9-тармақтары (кісі өлтіруге оқталу), 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, түпкілікті 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
    • А. Тоқтаубаев ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бабы 1-бөлігі (ұрлық) бойынша кінәлі деп танылып, бұрынғы сотталғанын ескере отырып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
    • Н. Ильясов ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, бұрынғы сотталғанын ескере отырып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
    • Д. Әскентай, Н. Тоқтаубаев, Ш. Белгожаев, Д. Қалиахмет ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
    • Кәмелетке толмаған Ы. ҚР ҚК-нің 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

    «Сотталушы Шынасыл 60 млн теңге, Сәкиев 30 млн теңге, қалған сотталғандар мен Сәкиев бірігіп тағы 30 млн теңге өндіріп беруі керек», – деп жазылған бірінші сатыдағы сот қаулысында.

    Соттың үкімімен келіспеген сотталғандар мен олардың қорғаушылары апелляциялық тәртіппен шағымданған.

    «Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 2025 жылғы 19 тамыздағы қаулысы арқылы үкімді өзгеріссіз қалдырды», – деп хабарлайды Алматы облыстың сотының баспасөз қызметі.

    Таңбалар: қылмыстық іс
    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қазақстандағы темір жолдар 57 пайызға тозған – министр

    Келесі жазба

    Шымкентте журналистке тілін шығарған судьяның басы дауға қалды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews