15 Шілде 2026, Сәрсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 468.88 ₸
    EUR EUR 534.1 ₸
    RUB RUB 6.04 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    «Шетелден 89 қылмыскер табылды»: ІІМ басшысы Тоқаевқа есеп берді

    17 Маусым, 2026
    «Шетелден 89 қылмыскер табылды»: ІІМ басшысы Тоқаевқа есеп берді

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады.

    Ақорданың мәліметінше, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі криминогендік ахуал және ішкі істер органдарының алдына қойылған міндеттердің орындалуы жөнінде баяндалды.

    Ержан Сәденов 2026 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша тіркелген қылмыс саны былтырғы кезеңмен салыстырғанда 9 пайызға төмендегенін айтты. Негізгі санаттар бойынша құқықбұзушылықтың азаюы және қылмысты ашу деңгейінің артуы байқалады. Алдын алу іс-шаралары мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мәселесіне ерекше назар аударылып отыр.

    «Ведомство жазаның бұлтартпас қағидатын дәйекті түрде қамтамасыз етіп келеді. Есепті кезеңде өткен жылдары жасалған 1685 қылмыс ашылған. Сот төрелігінен жасырынып жүрген 574 қылмыскер, оның ішінде 89-ы шетелден табылды. Министр сол сияқты киберқылмысқа, есірткі қылмысына, ұйымдасқан қылмысқа және экстремизмге қарсы күрес нәтижелері жөнінде ақпарат берді. Қылмыстық топтардың жолын кесу, азаматтарды қауіп-қатерлерден қорғау, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша кешенді іс-шаралар қолға алынған», – деп жазады Ақорда.

    Мемлекет басшысы елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық жүйені қамтамасыз ету үшін «Заң мен тәртіп» қағидатын нақты жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қарағандыда жас жігіт мотоцикліне мініп, полициядан қашқан

    Келесі жазба

    Қазақстан Ормуз бұғазындағы порттан орын алатын болды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Казахстанцам разрешили въезжать в Индонезию без визы на срок до 30 дней

    Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» Сұлтан Сәрсемәлиев өмір бойына сотталды

    Тоқаев Эмманюэль Макронды Францияның ұлттық мерекесімен құттықтады

    Астанада заңсыз концерт өтіп, жастардың жалаңаштанып жүрген видеосы тарады

    Астана маңындағы демалыс орнында ер адам бассейнге батып кете жаздады

    Ұшақ ішінде полицейді боқтаған Астана тұрғыны сот алдында жауап берді

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 468.88 ₸
    EUR EUR 534.1 ₸
    RUB RUB 6.04 ₸

    © 2025 TauNews