20 Қараша 2026, Жұма
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 448.72 ₸
    EUR EUR 493.86 ₸
    RUB RUB 5.49 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Шымкентте бензовоз жүргізушісі өрттен қаза тапты: жаңа деректер белгілі болды

    20 Қараша, 2026
    Шымкентте бензовоз жүргізушісі өрттен қаза тапты: жаңа деректер белгілі болды

    Фото: istockphoto.com

    Шымкентте бензовоз аударылып, өртеніп кетті: 25 жастағы жүргізуші қаза тапты

    Шымкент қаласындағы Ташкент тасжолында ауыр жол апаты орын алып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Жанармай тасымалдаған бензовоз жолдан шығып, аударылғаннан кейін өртеніп кеткен. Апат салдарынан 25 жастағы жүргізуші көз жұмды.

    Оқиға 18 қараша күні сағат 16:00 шамасында Тұран ауданындағы Шымкент – Ташкент – Термез автожолында болған.

    Оқиғаның куәгері Жұмабек Жолдастың айтуынша, ол үйінде отырған кезде қатты жарылысқа ұқсас дыбыс естіген. Сыртқа шыққанда жол бойында бензовоздың жанып жатқанын байқап, дереу өрт сөндірушілерге хабар берген. Сонымен қатар отбасы мүшелері мен балаларды қауіпсіз жерге шығарған.

    Куәгердің сөзінше, өрт тұрғын үйлерге өте жақын жерде болған. Ол бұл аумақта жол-көлік оқиғалары жиі тіркелетінін айтып, бұған дейін де қауіпсіздік шараларын күшейту туралы ұсыныс жасағанын жеткізді. Атап айтқанда, өткен жазда осы маңға бейнебақылау камерасын орнату жөнінде полицияға өтініш білдірген.

    Шымкент қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол жиегіндегі орға түсіп кеткен. Салдарынан бензовоз аударылып, артынша отқа оранған.

    Төтенше жағдайлар департаментіне өрт туралы хабар сағат 15:58-де түскен. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жоғары шақырту санатымен жіберілген. Құтқарушылар көлік пен төгілген жанармайды қоса алғанда, 60 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді.

    Өрт толық ауыздықталғаннан кейін мамандар бензовоз кабинасынан 25 жастағы жүргізушінің мәйітін тапты.

    Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта мамандар апаттың себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Тоқаев шетелдік университеттер басшыларымен кездесіп, білім беру инфрақұрылымын дамыту мәселесін көтерді

    Келесі жазба

    Алматыда нигериялық мұғалім қазақ тілін рэп арқылы меңгеріп жүр

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қостанайда екі әжені алдап, 23,5 млн теңге иемденген курьер алты жылға сотталды

    Алматыда нигериялық мұғалім қазақ тілін рэп арқылы меңгеріп жүр

    Шымкентте бензовоз жүргізушісі өрттен қаза тапты: жаңа деректер белгілі болды

    Тоқаев шетелдік университеттер басшыларымен кездесіп, білім беру инфрақұрылымын дамыту мәселесін көтерді

    Алматыда сот тыйымына қарамастан көлік жүргізген 414 жүргізуші анықталды

    Токаев Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе беру туралы шешім қабылдады

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 448.72 ₸
    EUR EUR 493.86 ₸
    RUB RUB 5.49 ₸

    © 2025 TauNews