5 Қыркүйек 2026, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 456.56 ₸
    EUR EUR 530.52 ₸
    RUB RUB 5.28 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    СҚО-да медицина қызметкерін ұрған ер адамға сот үкімі шықты

    28 Тамыз, 2026
    СҚО-да медицина қызметкерін ұрған ер адамға сот үкімі шықты

    Фото: freepik.com

    Солтүстік Қазақстан облысында медициналық қызметкерге күш көрсеткен 51 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс тіркелді. Оқиға емхана ғимаратында болған.

    Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, жағдай 17 тамыз күні таңертең болған. Қабылдауға келген қала тұрғыны дәрігермен сөйлесу барысында жанжал шығарған.

    Әңгіме кезінде медицина қызметкері ер адамға ескерту жасаған. Бұған ашуланған азамат дәрігерге агрессия танытып, оның бет тұсынан соққы жасаған. Медициналық қызметкер болған жағдайға байланысты полицияға арызданған.

    Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары қызметтік міндетін орындап жүрген медицина қызметкеріне күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

    Полиция бұл СҚО аумағында биыл медицина қызметкеріне қатысты күш қолданудың екінші жағдайы екенін хабарлады.

    Бұған дейін маусым айында Шал ақын ауданында жол-көлік оқиғасы болған жерде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіп жүрген маманға мас ер адам шабуыл жасаған. Сот оның кінәсін анықтап, 1,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

    Медицина қызметкерлерін қорғауға жауапкершілік күшейтілді

    Қазақстанда медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігіне қатысты заң талаптары да күшейтілді. Биыл Қылмыстық кодекске 380-3-бап енгізіліп, медициналық қызметкерге немесе жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне қызметтік міндетін орындау кезінде қорқыту немесе күш көрсету үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленді.

    Полицияның айтуынша, бұл норма медициналық көмек көрсетіп жүрген мамандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Енді дәрігерлер мен жедел жәрдем қызметкерлеріне қатысты агрессивті әрекеттер қылмыстық құқықбұзушылық ретінде қаралуы мүмкін.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қой еті 28%-ға қымбаттады: Қазақстанда ет бағасы қалай өзгерді?

    Келесі жазба

    Бүгін Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Көкпардан шешуші кездесу: Қазақстан Қырғызстанмен финалда ойнайды

    Алматыда жаяу жүргіншілердің алдында дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды

    «Дуасын қайтарып береміз»: Қазақстанда алаяқтар жаңа тәсілге көшті

    Түркістан облысында ер адам 25 жыл бірге тұрған әйелін пышақтап өлтірді

    Қапшағайда гидроцикл адам қағып, әйел мен жасөспірім жарақат алды

    Астанада екі қабатты үйден алапат өрт шықты

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 456.56 ₸
    EUR EUR 530.52 ₸
    RUB RUB 5.28 ₸

    © 2025 TauNews