5 Қыркүйек 2026, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 456.56 ₸
    EUR EUR 530.52 ₸
    RUB RUB 5.28 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қой еті 28%-ға қымбаттады: Қазақстанда ет бағасы қалай өзгерді?

    28 Тамыз, 2026
    Қой еті 28%-ға қымбаттады: Қазақстанда ет бағасы қалай өзгерді?

    Фото: © istockphoto.com

    Қазақстанда ет өнімдерінің бағасы жыл ішінде айтарлықтай өсті. Ең жоғары өсім қой етінде тіркелді. Бұл ретте елде ет өндіру көлемі артып, тұтыну деңгейі айтарлықтай өзгермеген.

    Ет өндірісі рекордтық деңгейге жетті

    2026 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 48,2 мың тонна жаңа сойылған және салқындатылған ет өндірілген. Оның құрамына сиыр, шошқа, қой, ешкі, жылқы және жылқы тұқымдас өзге де жануарлардың еті кіреді.

    Өндіріс көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,3%-ға артқан. Бұл 1999 жылдан бері қаңтар-шілде айларында тіркелген ең жоғары көрсеткіш саналады.

    Салыстыру үшін, 2025 жылдың алғашқы жеті айында ет өндірісі 44,1 мың тоннаны құрап, бір жыл ішінде 6,7%-ға төмендеген болатын.

    Ет тұтыну көлемі көп өзгермеген

    Бағаның өсуіне қарамастан, қазақстандықтардың ет және ет өнімдерін тұтыну көрсеткіші шамамен сол деңгейде қалып отыр.

    Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанның бір тұрғыны орта есеппен 20,7 келі ет және ет өнімдерін тұтынған. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 20,6 келі болған.

    Сонымен қатар соңғы бірнеше жылда жылқы етіне сұраныс артқаны байқалады. 2021 жылдың бірінші тоқсанында жан басына шаққандағы жылқы етін тұтыну 1,8 келі болса, 2026 жылы 2,2 келіге дейін өскен. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 5,5%-ға артқан.

    Қой еті ең көп қымбаттады

    Ет өндірісінің өсуіне қарамастан, нарықтағы баға динамикасы жоғары болып отыр. 2026 жылғы шілдеде ет пен ет өнімдерінің бағасы өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 15,8%-ға өскен.

    Бағаның қымбаттауы Қазақстанның барлық өңірінде тіркелді. Ең жоғары өсім Жетісу облысында байқалып, 21,9%-ды құрады.

    Ең төмен көрсеткіштер Шығыс Қазақстан облысында – 12,2%, Қызылорда облысында – 12,9% және Алматы облысында – 13,6% болды. Яғни баға өсімі ең төмен өңірлердің өзінде 10%-дан жоғары деңгейде сақталған.

    Ет түрлері бойынша ең жоғары өсім қой етінде тіркелді. Шілдеде оның бағасы бір жыл бұрынғыдан 27,9%-ға қымбат болған.

    Одан кейін сиыр еті – 15,1%, жылқы еті – 14,4% және шошқа еті – 11,3% көрсеткішімен тұр.

    Қой етінің қымбаттауы әсіресе көктем айларында байқалды. Мамырда оның бағасы бір айдың ішінде 4,7%-ға өскен. Бұл 2011 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан статистикадағы ең жоғары айлық өсім болды. Маусымда қой еті тағы 4,2%-ға, ал шілдеде 2,3%-ға қымбаттаған.

    Ауыл шаруашылығы министрлігі бұған дейін көктемдегі баға өсімін Құрбан айт алдындағы маусымдық сұраныстың артуымен түсіндірген. Ведомство ішкі нарықта қой еті бойынша тапшылық жоқ екенін мәлімдеген.

    Сонымен бірге шілде айында әлемдік нарықта қой етінің бағасы да жоғары деңгейге жетті. Сараптамалық бағалаулар бойынша, бұған Океания елдерінен экспорттық ұсыныстың азаюы және сыртқы нарықтағы сұраныстың жоғары болуы әсер еткен.

    Қай қалада ет қымбат?

    Ет бағасы өңірлер арасында ғана емес, ірі қалалардың өзінде де айтарлықтай ерекшеленеді.

    Шілдедегі мәлімет бойынша, сүйекті сиыр етінің бір келісі Қазақстанда орта есеппен 3,8 мың теңге болған. Ең жоғары баға Алматыда тіркеліп, бір келі сиыр еті 4,2 мың теңгеге жеткен. Ал Ақтөбеде бұл өнімнің бағасы салыстырмалы түрде төмен – 3,4 мың теңге.

    Қой етінің орташа бағасы, сүйексіз етті қоса есептегенде, 4,5 мың теңге болды. Ең қымбат қой еті Астанада сатылған – бір келісі 5,4 мың теңге. Көкшетауда баға 3,8 мың теңге деңгейінде қалыптасты. Осылайша екі қала арасындағы айырмашылық шамамен 1,7 мың теңгені құрады.

    Шошқа етінің орташа бағасы 3 мың теңге болды. Дерек бар қалалардың арасында ең жоғары көрсеткіш Ақтауда – 3,7 мың теңге, ал ең төмен баға Оралда тіркелді – 2,3 мың теңге.

    Жылқы етінің республика бойынша орташа бағасы бір келіге 4,3 мың теңгені құрады. Петропавлда оның бағасы ең жоғары болып, 4,7 мың теңгеге жеткен. Түркістанда жылқы етінің бір келісі орта есеппен 4 мың теңгеден сатылған.

    Осылайша, Қазақстанда ет өндірісі өсіп жатқанымен, бұл нарықтағы бағаның төмендеуіне әзірге әсер етпеген. Әсіресе қой етінің қымбаттауы тұтынушылар үшін негізгі мәселелердің бірі болып отыр.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын тіркеп, куәлік пен төсбелгі табыстады

    Келесі жазба

    СҚО-да медицина қызметкерін ұрған ер адамға сот үкімі шықты

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Көкпардан шешуші кездесу: Қазақстан Қырғызстанмен финалда ойнайды

    Алматыда жаяу жүргіншілердің алдында дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды

    «Дуасын қайтарып береміз»: Қазақстанда алаяқтар жаңа тәсілге көшті

    Түркістан облысында ер адам 25 жыл бірге тұрған әйелін пышақтап өлтірді

    Қапшағайда гидроцикл адам қағып, әйел мен жасөспірім жарақат алды

    Астанада екі қабатты үйден алапат өрт шықты

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 456.56 ₸
    EUR EUR 530.52 ₸
    RUB RUB 5.28 ₸

    © 2025 TauNews