4 Мамыр 2026, Дүйсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Таиланд пен Камбоджа қақтығысты тоқтату туралы келіссөзді бастады

    28 Шілде, 2025
    Таиланд пен Камбоджа қақтығысты тоқтату туралы келіссөзді бастады

    khmertimeskh

    Таиланд пен Камбоджа Малайзияда шекара дауына байланысты келіссөздер бастады.

    Khmer Times мәліметінше, Камбоджа мен Таиланд арасындағы шекаралық қақтығыс аясында тараптар Малайзия астанасы Куала-Лумпурда келіссөздер өткізуде. Оған Камбоджа премьер-министрі Хун Манет арнайы келсе, Таиланд делегациясына елдің уақытша премьері Фумтам Вечаячай жетекшілік етуде.

    Келіссөздерге Малайзия премьер-министрі Анвар Ибрагим төрелік етіп отыр. Ол Камбоджа мен Таиланд үкіметтері өзара бейбіт келісімге келуге көмектесуді сұрағанын атап өтті.

    Қақтығыс жалғасып жатқан тұста Таиландтың 2-армиялық округі шекарадағы жағдайға қатысты жаңартылған деректерді жариялады. Әскери ведомствоның мәліметінше, қазір атыс жүріп жатқан аймақ саны жетіге дейін қысқарған. Бұл алғашқы күнмен салыстырғанда үш учаскеге аз.

    Қақтығыс салдарынан 51 бейбіт тұрғын зардап шеккен:

    14 адам қаза тапты;

    12 адам ауыр жараланған;

    12-сі орташа жарақат алған;

    13 адам жеңіл жарақатпен тіркелген.

    Сонымен қатар, Таиланд армиясының 8 әскери қызметкері мерт болды, 103-і жараланды. Қауіп аймағынан жалпы 139 646 адам эвакуацияланған.

    Қақтығыс мамыр айының соңында камбоджалық сарбаз қаза болғаннан кейін басталған. Бұл оқиға шекарада болған қысқа атыс кезінде болған. Осыдан кейін қос тарап та шекарадағы әскери күшін күшейтіп, Таиландтағы коалициялық үкімет дағдарысқа ұшырай бастады.

    Таиланд пен Камбоджа 817 шақырымдық құрлық шекарасының бойындағы бірнеше нақты белгіленбеген аумақтар үшін ондаған жылдар бойы дауласып жатыр. Даудың басты себебі — XI ғасырда салынған Та Моан Тхом мен Прэахвихеа индуистік храмдарының иелік мәселесі.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Адам саудасы: сексуалды-құлдықтың бір күндік табысы 1,5 миллион теңге болған

    Келесі жазба

    «Жабайы Арманның» досы Біріккен Араб Әмірліктеріне экстрадицияланды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews