Қазақстанның ірі қалаларындағы айырбастау пункттерінде доллар бағамы бүгін, 10 қыркүйекте төмендеді. Валюта бағамдары қалаларға қарай әртүрлі болып отыр.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматыда айырбастау пункттері долларды орта есеппен 449,84 теңгеден сатып алып, 452,24 теңгеден сатуда.
Астанада АҚШ валютасын сатып алу бағамы орта есеппен 448,03 теңге, ал сату бағамы 455,04 теңге деңгейінде қалыптасты.
Шымкенттегі айырбастау орындарында доллардың орташа сатып алу бағамы 450,43 теңге болса, сату бағамы 452,69 теңгені құрап отыр.
Ал Қазақстан Ұлттық банкі 10 қыркүйекке АҚШ долларының ресми бағамын 456,89 теңге деп белгіледі.
Осылайша, айырбастау пункттеріндегі доллар бағасы Ұлттық банктің ресми бағамынан төмен деңгейде саудаланып жатыр.
USD