12 Шілде 2026, Жексенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 464.71 ₸
    EUR EUR 531.26 ₸
    RUB RUB 6.05 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    «Тежегішім істемей қалды»: Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы апатқа кінәлі кәсіпкер сотта жауап берді

    15 Маусым, 2026
    «Тежегішім істемей қалды»: Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы апатқа кінәлі кәсіпкер сотта жауап берді

    Фото: t.me/ Kozachkov offside

    Алматыда Әл-Фараби даңғылында үлкен резонанс тудырған жол апаты бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Сот отырысында жол апатына кінәлі кәсіпкер Александр Пак көлік жүргізу кезінде не істегенін егжей-тегжейлі айтып берді.

    Оның айтуынша, ол Достық көшесінен Әл-Фараби даңғылына қарай бара жатқан кезде көлікте техникалық ақау белгілері байқалған. Көліктің қозғалысын тұрақтандыруға тырысқанын, алайда жағдайдың тез арада ушығып кеткенін айтты.

    «Әл-Фараби даңғылына жақындаған кезде көліктегі ақау туралы ескертетін шамдар жана бастады. Осыған дейін де ұқсас белгілері пайда болғанда жылдамдықты сәл арттырсам, бәрі қалпына келетін. Бұл жолы да сағатына шамамен 80 шақырым жылдамдықпен келе жатып, қозғалтқыштың гуілдеген дыбысы басылар деп ойлап, сол жақ жолақтан оң жақ жолаққа ауыса бастадым. Осыдан кейін не болғанын нақты білмеймін. Спидометрге де қараған жоқпын», – деді ол.

    Оның сөзінше, осыдан кейін жағдайды реттеуге тырысқанымен, бәрі өте жылдам өрбігендіктен қарсы бағытқа шығып кетудің алдын ала алмаған.

    «Қарсы жолаққа шығып кеткеннен кейін тежегішті басуға тырыстым, бірақ тежегіш жұмыс істеген жоқ. Содан кейін жол апаты болды. Одан арғысын есіме де түсіре алмаймын. Ауруханада көзімді аштым. Маған қандай да бір ота жасаған екен. Есімді жансақтау бөлімінде жидым. Сол жерде үш адамның қаза тапқанын айтты», – деді айыпталушы.

    Осыдан кейін сотта апатқа дейінгі оқиғаларға қатысты тергеу материалдары жария етілді. Іс материалдарына сәйкес, жол-көлік оқиғасы қарсаңында айыпталушы отырған компания алкогольдік ішімдіктер мен тағамдарға тапсырыс берген. Атап айтқанда, 4 бөтелке шарап, 300 грамм виски, 100 грамм текила және екі «Апероль» коктейлі алынған.

    Сонымен қатар сот барысында жүргізушінің бұрын жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзғаны туралы мәліметтер де айтылды. Олардың қатарында жылдамдықты арттыру, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту, көлікті дұрыс қоймау, сондай-ақ қоғамдық орындарда мас күйінде жүру деректері бар.

    Сот отырысында айыпталушы жол апатын жасап, үш адамның қаза болуына себепкер болғанын мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.

    «Мен үшін шартты жаза қабылдауға келмейтін нәрсе. Жасаған ісім үшін толық жауапкершілік көтеруге дайынмын және соны қалаймын. Бұл – үлкен қайғы», – деді ол.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    100 тоннадан астам: Жетісу облысына Қытайдан жеткізілген тауық пен үйрек етін испекторлар өртеп жіберді

    Келесі жазба

    АҚШ-та Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Жүргізушілерге ескерту: Қазақстанда тағы 5 тасжолға орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізілді

    Ақтөбеде көшеден табылған сәби жаңа отбасына берілді

    Зерттеу: қазақстандықтардың басым бөлігі өз өміріне риза және алдағы кезеңнен жақсылық күтеді

    Маңғыстау облысында атыс болды: екі адам жарақат алып, төрт күдікті ұсталды

    3 млрд теңге ұрлаған: Түркістан облысында жеңілдетілген несиені жымқырған 27 адам сотталды

    Әлемге танымал әнші 75 жасында қайтыс болды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 464.71 ₸
    EUR EUR 531.26 ₸
    RUB RUB 6.05 ₸

    © 2025 TauNews