Неке – отбасы құрудың алғышарты. Асыл дінімізде «жария ету – үй болғандықтың белгісі» делінеді. Дәстүрімізде адалдық пен жауапкершіліктен басталған маңызды қадам қайырлы саналған. Бірақ, соңғы жылдары отбасы құндылығын құнсыздандырып жүргендер көбейді. Қоғамда әсіресе деструктивті діни ағым жақтастары арасында белең алған келеңсіз құбылыстың бірі – жасырын неке.