21 Маусым 2025, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 521.57 ₸
    EUR EUR 601.01 ₸
    RUB RUB 6.65 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Тоқаев Мәскеудегі Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шараға барады

    30 Қаңтар, 2025
    Тоқаев Мәскеудегі Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шараға барады

    Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті.

    Мемлекет басшысы «Ақорда» резиденциясында Еуразиялық үкіметаралық кеңеске және Digital Almaty 2025 цифрлық форумына қатысу үшін Қазақстанға келген Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесу өткізді.
    Кездесуде екі елдің стратегиялық серіктестігін дамыту перспективасы талқыланып, сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы қарым-қатынасты жандандыруға баса назар аударылды.
    Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы достық пен тату көршілікті нығайтуға Михаил Мишустиннің қосқан үлесін жоғары бағалады. Сонымен қатар Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің былтыр 27 қарашада Астанаға жасаған мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың өзекті екенін атап өтті.
    Елдеріміздің арасындағы байланыс беки түсті. Бұл мемлекетаралық ынтымақтастықтың барлық саласын қамтиды. Сіздің Астанаға жасаған сапарыңызды жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңызды кезеңі ретінде қарастырамыз. Владимир Путиннің Қазақстанға жасаған сапары барысында Уфада өңіраралық форум табысты өтті. Биыл біз кезекті форумды Қазақстан аумағында, яғни Орал қаласында ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Ынтымақтастықтың осы форматы нәтижелі болады деп ойлаймын, – деді президент.
    Михаил Мишустин мемлекеттер басшылары алға қойған міндеттерді нақты іске асыруға дайын екенін мәлімдеді.
    Орайлы сәтті пайдалана отырып, Ресей Президенті Владимир Путиннің ыстық ықыласын жеткізгім келеді. Владимир Владимирович былтыр қараша айында Қазақстанға тарихи мемлекеттік сапар жасады деуге болады. Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз де желтоқсан айында Ресейдің Санкт-Петербург қаласына келдіңіз. Біз үшін өңіраралық форумның берері мол. Ресейдің аймақтары Қазақстанның көптеген облысымен тікелей байланыс орнатқан. Өзіңіз атап өткендей, бұл форматтың маңызы зор, оның тиімділігін арттыруға барынша қолдау көрсетеміз. Қазақстан – Ресей Федерациясының көршісі әрі одақтасы. Біздің қарым-қатынасымыз достық пен өзара құрметке негізделген, – деді Ресей Үкіметінің төрағасы.
    Михаил Мишустин Қасым-Жомарт Тоқаевқа екі елдің үкіметтік делегациялары арасында жүргізілген келіссөздердің нәтижесі туралы ақпарат беріп, күн тәртібінің барлық спектрі бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың өзара тиімді ықпалдастықты одан әрі нығайтуға қызмет ететініне тоқталды.
    Кездесуде энергетика, өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударылды. Сонымен қатар ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
    Мемлекет басшысы Ресей президентінің Мәскеудегі Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шараға шақыруын қабыл алғанын айтты.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Мемлекет басшысы Дональд Трампқа көңіл айтты

    Келесі жазба

    Алматыда ұсталған блогерлер 2 айға қамауға алынды

    Ұқсас мақалалар

    Асыраушысынан айырылған қазақстандықтарға қанша теңгеден беріледі
    Жаңалықтар

    Асыраушысынан айырылған қазақстандықтарға қанша теңгеден беріледі

    20 Маусым, 2025
    Маңғыстауда ұшатын белгісіз аппарат табылды
    Жаңалықтар

    Маңғыстауда ұшатын белгісіз аппарат табылды

    20 Маусым, 2025
    Павлодарда дауыл салдарынан бір адам көз жұмды
    Жаңалықтар

    Павлодарда дауыл салдарынан бір адам көз жұмды

    20 Маусым, 2025
    Ер адам 58 жылдан кейін туған анасын тапқанмен, әйел кездесуден бас тартты
    Жаңалықтар

    Ер адам 58 жылдан кейін туған анасын тапқанмен, әйел кездесуден бас тартты

    20 Маусым, 2025
    Құдыққа құлаған қызды құтқармақ болған ер адам туралы тың дерек шықты
    Жаңалықтар

    Құдыққа құлаған қызды құтқармақ болған ер адам туралы тың дерек шықты

    20 Маусым, 2025
    Александр Бублик Германиядағы турнирде әлемнің бірінші ракеткасын жеңді
    Жаңалықтар

    Александр Бублик Германиядағы турнирде әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

    20 Маусым, 2025

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Асыраушысынан айырылған қазақстандықтарға қанша теңгеден беріледі

    Маңғыстауда ұшатын белгісіз аппарат табылды

    Павлодарда дауыл салдарынан бір адам көз жұмды

    Ер адам 58 жылдан кейін туған анасын тапқанмен, әйел кездесуден бас тартты

    Құдыққа құлаған қызды құтқармақ болған ер адам туралы тың дерек шықты

    Александр Бублик Германиядағы турнирде әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 521.57 ₸
    EUR EUR 601.01 ₸
    RUB RUB 6.65 ₸
    Информер погоды для сайта от meteolabs.kz

    © 2025 TauNews