3 Мамыр 2026, Жексенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Түркияда Қазақстан азаматшасын көлігімен басып өлтірген адам 395 мың теңге айыппұлмен құтылған

    24 Қыркүйек, 2025
    Түркияда Қазақстан азаматшасын көлігімен басып өлтірген адам 395 мың теңге айыппұлмен құтылған

    Фото: Бағдат Құлмағамбетовтің парақшасынан

    Қазақстан азаматшасы Әлия Құлмағамбетова осыдан екі жыл бұрын, 13 қазанда Түркияның Аланья қаласында бағдаршамның жасыл түсі жанған кезде жолдан өтіп бара жатқан: алайда, оны трассада қатты жылдамдықпен келе жатқан түрік қыз қағып кетіп, ажал құштырған еді. Күні кеше Түркия соты жол апатына кінәлі қызға 30 400 лира, яғни, 395 200 теңге айыппұл салып, босатқан.

    Бұл туралы марқұмның әпкесі Меруерт Ибраева хабарлады. Өзге туыстары сияқты Меруертте сіңілісінің өмірі небары 395 мың теңгеге бағаланғанына налып, өкініш танытқан.

    «Бүгін Түркияда сіңілім Әлияны қағып өлтірген адамның соты өтті. Тергеу 2023 жылдың 13 қазанынан бері тура екі жылға созылды. Отбасымыз ең бірінші сот отырысына қатысқанда жол апатына кінәлі қыздың көзінен еш өкініш көрмеген едік. Әрине, әділ тергеу болмайтынын түсінсек те бұндай болады деп күтпеген едік. Тергеу жүріп жатқанда әлгі бойжеткеннің tiktok-қа видео түсіріп, ән айтып, өміріне риза күйде жүргенін көрген сайын ішіміз удай ашыды. Ол тіпті жол апатынан кейін бірнеше апта өтпей жатып бұрынғы өміріне оралды. Яғни, адам өлтірген жүргізуші изоляторда отырған жоқ», – деп жазған Меруерт.

    Оның айтуынша, сот кінәлі адамға алдымен 2,5 жыл жаза тағайындаған.

    «Алайда, бұрын сотталмағанын ескерген сот оның жазасын 2 жыл бір айға қысқартты, ал артынша…артынша сіңіліміздің өліміне кінәлі оған 30 400 лира, біздің ақшамен санағанда 395 200 теңге айыппұл салды да босатты», – деп жазған автор.

    Марқұм Әлияның отбасы қазір осы үкімді даулап, қайта шағым түсірмек. Оның үстіне, Меруерт Ибраеваның айтуынша, адам өлтірген бойжеткен небары 4 ай уақыт қана көлік жүргізе алмайды.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қазақстанда енді әскери бөлімді өзіңіз таңдай аласыз

    Келесі жазба

    Сайтан жетегіндегі сақшы

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews