10 Шілде 2026, Жұма
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 467.41 ₸
    EUR EUR 533.88 ₸
    RUB RUB 6.14 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Венесуэлада жойқын жер сілкінісі болды: 100 мың адам қаза тапқан болуы мүмкін

    25 Маусым, 2026
    Венесуэлада жойқын жер сілкінісі болды: 100 мың адам қаза тапқан болуы мүмкін

    Фото: Gaby Oraa/REUTERS

    Сәрсенбі күні кешке Венесуэла астанасы Каракастың батысында магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі күшті жер сілкінісі болды. Салдарынан қалада бірнеше ғимарат қирап, мамандар адам шығыны көп болуы мүмкін екенін болжап отыр.

    АҚШ-тың Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, екінші жер сілкінісі алғашқы дүмпуден бір минутқа жетер-жетпес уақыт өткенде болған.

    «Адам шығынының көп болуы және ауқымды залал келуі ықтимал. Бұл апаттың салдары өте кең көлемде болуы мүмкін», – деп мәлімдеді Геологиялық қызмет өкілдері.

    Алдын ала бағалауға сәйкес, қаза тапқандар саны 10 мыңнан 100 мың адамға дейін жетуі мүмкін. Әзірге Венесуэла билігі қаза тапқандар мен зардап шеккендер санына қатысты ресми мәлімет жариялаған жоқ.

    Reuters агенттігінің хабарлауынша, елдің ішкі істер министрі Диосдадо Кабельо мемлекеттік телеарна эфирінде Каракаста бірнеше ғимараттың қирап қалғанын мәлімдеді.

    Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригес елде төтенше жағдай режимі енгізілгенін хабарлады. Сондай-ақ ол жер сілкінісінен келген зақымға байланысты Каракас халықаралық әуежайының жұмысы уақытша тоқтатылғанын айтты.

    Жер сілкінісі болған сәтте көптеген венесуэлалық үйлерінде болған. Себебі бұл күні елде Симон Боливар әскері испан әскерлерін жеңіп, Венесуэланың тәуелсіздігіне жол ашқан 1821 жылғы Карабобо шайқасы күні атап өтілген.

    Каракастың Чакао муниципалитетінің басшысы Густаво Дуке Саэстің айтуынша, аудан аумағында кемінде екі ғимарат толық қираған, тағы бірнеше нысан қатты зақымданған.

    Оның сөзінше, үйінді астынан 18 адам құтқарылып шыққан. Қазіргі уақытта оқиға орнында 500-ден астам құтқарушы жұмыс істеп, тұрғындарды эвакуациялау және іздестіру-құтқару жұмысын жүргізіп жатыр.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    «Қомақты өтемақы аласың»: Ресейде әйел адам алаяқтың айтқанына көніп, өз үйін өртеп жіберген

    Келесі жазба

    Доллар бағамы төмендеді: KASE-дегі сауда қорытындысы жарияланды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    3 млрд теңге ұрлаған: Түркістан облысында жеңілдетілген несиені жымқырған 27 адам сотталды

    Әлемге танымал әнші 75 жасында қайтыс болды

    Павлодар облысында заңсыз ақы алып келген екі жағажай енді халықты тегін кіргізетін болды

    Жамбыл облысында шетел азаматы елден 170 млн теңге шығармақ болған

    Маңғыстау облысының теміржол станциясында кезекші қызметкер өлі күйінде табылды

    Қазақстандағы мұнайшылардың орташа айлығы 1,2 млн теңгеге жетті

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 467.41 ₸
    EUR EUR 533.88 ₸
    RUB RUB 6.14 ₸

    © 2025 TauNews