10 Шілде 2026, Жұма
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 467.41 ₸
    EUR EUR 533.88 ₸
    RUB RUB 6.14 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Зерттеу: Қазақстандықтардың ай сайынғы нақты табысы – 133 мың теңге

    29 Маусым, 2026
    Зерттеу: Қазақстандықтардың ай сайынғы нақты табысы – 133 мың теңге

    Фото: istockphoto.com

    Қазақстанда осы жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша тұрғындардың жан басына шаққандағы ақшалай табысы 399,8 мың теңгені немесе айына орта есеппен 133,3 мың теңгені құрады. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,1%-ға, ал инфляцияны есепке алғандағы нақты мәнде 2,2%-ға өскен. Бұған дейін бұл көрсеткіш үш тоқсан қатарынан  төмендеп, әр тоқсанда орта есеппен 2,8%-ға қысқарған болатын. Есептеулер ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректеріне негізделген.

    Жан басына шаққандағы табыс бүкіл халықтың емес, тоқсан сайын іріктелетін 12 мың үйдің мәліметтері негізінде есептеледі. Ұлттық статистика бюросы халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижелерін пайдаланады. Онда үй иелері өздерінің және отбасы мүшелерінің еңбек табысы, зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, алимент, мүліктен түсетін кіріс және өзге де табыс көздері туралы мәлімет береді. Кейін бұл деректер елдің барлық халқына, соның ішінде жұмыссыздар мен балаларға да статистикалық әдіспен таратылады.

    «Жан басына шаққандағы нақты табыстың өсуіне зейнетақы төлемдері үлес қосты. Олардың жалпы табыстағы үлесі 20,5%-ды немесе 81,2 мың теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан 2,7 пайыздық тармаққа жоғары. Номиналды түрде зейнетақы көлемі 31,8%-ға, ал инфляцияны есептегендегі нақты өсім 18%-ға жетті. Мұндай жоғары нақты өсім соңғы рет пандемия кезіндегі 2020 жылдың ІІІ тоқсанында тіркелген. Ол кезде де зейнетақының жалпы табыстағы үлесі шамамен 20,9% болған. Сонымен қатар жан басына шаққандағы зейнетақы төлемдерінің айтарлықтай өсуі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялайтын орташа зейнетақы көлемімен сәйкес келмейді. Министрлік мәліметінше, 2026 жылдың І тоқсанында орташа зейнетақы 157,8 мың теңгені құраса, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 143,6 мың теңге болған. Сарапшылар мұны жан басына шаққандағы табыстың шектеулі іріктеме негізінде есептелуімен және биыл зейнетақысы жоғары азаматтардың көбірек енуімен байланыстырады», – делінген хабарламада.

    Ал еңбек қызметінен түсетін табыс, яғни жан басына шаққандағы кірістің негізгі бөлігі, жалпы табыстың 72,3%-ын немесе 288,9 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 пайыздық тармаққа төмен. Номиналды түрде еңбек табысы 10,2%-ға артқанымен, бұл өсім инфляция деңгейінен төмен болғандықтан, нақты мәнде көрсеткіш 1,4%-ға қысқарды. Осылайша, инфляцияны есепке алғандағы еңбек табысының азаюы бес тоқсан қатарынан жалғасып келеді.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Майкл Джексон туралы фильм «Оппенгеймерді» басып озып, әлемдік рекорд орнатты

    Келесі жазба

    Балалар құқығын қорғау рейтингі: Қазақстан әлемдегі үздік 25 мемлекеттің қатарына енді

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    3 млрд теңге ұрлаған: Түркістан облысында жеңілдетілген несиені жымқырған 27 адам сотталды

    Әлемге танымал әнші 75 жасында қайтыс болды

    Павлодар облысында заңсыз ақы алып келген екі жағажай енді халықты тегін кіргізетін болды

    Жамбыл облысында шетел азаматы елден 170 млн теңге шығармақ болған

    Маңғыстау облысының теміржол станциясында кезекші қызметкер өлі күйінде табылды

    Қазақстандағы мұнайшылардың орташа айлығы 1,2 млн теңгеге жетті

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 467.41 ₸
    EUR EUR 533.88 ₸
    RUB RUB 6.14 ₸

    © 2025 TauNews