13 Шілде 2026, Дүйсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 464.71 ₸
    EUR EUR 531.26 ₸
    RUB RUB 6.05 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    «Жетінші қыркүйектен басталады»: жуырда зейнетақы жүйесіне қатысты маңызды ереже күшіне енеді

    13 Шілде, 2026
    «Жетінші қыркүйектен басталады»: жуырда зейнетақы жүйесіне қатысты маңызды ереже күшіне енеді

    Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/ Әбілқасым Есентаев

    7 қыркүйектен бастап Қазақстанда зейнетақы жүйесі салымшыларының мүмкіндіктерін кеңейтетін заңнамалық түзетулер күшіне енеді. Жаңа ережелерге сәйкес, азаматтар өздерінің зейнетақы жинақтарының 100 пайызға дейінгі бөлігін жеке инвестициялық басқарушы компанияларға сенімгерлік басқаруға бере алады.

    Қолданыстағы тәртіп бойынша, салымшылар міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан қаражаттың тек 50 пайызын ғана жеке басқаруға беруге құқылы болатын. Ал ерікті зейнетақы жарналарын қазірдің өзінде толық көлемде аударуға рұқсат етілген. Енді азаматтар зейнетақы капиталының қай бөлігі Ұлттық Банктің, ал қай бөлігі жеке кәсіби компаниялардың басқаруында болатынын өздері шешеді.

    Мамандар бұл ретте қаражатты зейнетақы жүйесінен шығару немесе қолма-қол ақша алу туралы әңгіме болып отырмағанын ескертеді.

    «Зейнетақы жинақтары бұрынғыша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) есепке алынады және салымшының меншігі болып қала береді. Мұнда тек қаражатты заңнама талаптары шеңберінде инвестициялайтын басқарушы субъект қана өзгереді. Ақша шоттан алынбайды және банк картасына аударылмайды», – деп нақтылады сарапшылар.

    Жеке басқарушы компаниялар әртүрлі қаржы құралдарынан, соның ішінде мемлекеттік және корпоративтік облигациялардан, отандық және шетелдік компаниялардың акцияларынан, халықаралық қаржы құралдары мен депозиттерден инвестициялық портфельдер қалыптастырады. Барлық инвестициялар тәуекелдерді азайтуға және портфельді әртараптандыруға бағытталған қатаң нормативтер шеңберінде жүзеге асады.

    Еске салсақ, бұған дейін зейнетақы жүйесіндегі ең төменгі жеткіліктілік шегінің арттуы қоғамды қызу талқыланған еді.

    Жеткіліктілік шегі – бұл жинақтың бір бөлігін пайдаланғаннан кейін жеке зейнетақы шотында қалуға тиіс міндетті сома. Ол болашақта зейнетақы төлемдерінің жеткілікті болуын қамтамасыз ету үшін есептеледі. Салымшылар тек белгіленген шектен асатын соманы ғана өзге мақсаттарға пайдалана алады.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Төрт жыл ішінде діни радикалдар Қазақстанның аумағында 10 лаңкестік әрекет жасамақ болған – ҰҚК

    Келесі жазба

    Ақтөбе облысында оқушы қыз баланы көршісі зорлады деген күдікке ілінді

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Ақтөбе облысында оқушы қыз баланы көршісі зорлады деген күдікке ілінді

    «Жетінші қыркүйектен басталады»: жуырда зейнетақы жүйесіне қатысты маңызды ереже күшіне енеді

    Төрт жыл ішінде діни радикалдар Қазақстанның аумағында 10 лаңкестік әрекет жасамақ болған – ҰҚК

    Зуфардың зымиян уағызы

    Алматыда жасөспірім бейтаныс адамдармен кездесемін деп қымбат телефонынан айырылды

    Шығыс Қазақстанда жер үй өртеніп, ерлі-зайыпты зейнеткерлер қаза тапты

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 464.71 ₸
    EUR EUR 531.26 ₸
    RUB RUB 6.05 ₸

    © 2025 TauNews