ДДСҰ Ресейдегі "Спутник V" вакцинасын тексеруді уақытша тоқтатты
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус ресейлік кәсіпорындарда "Спутник V" вакцинасына тексеру жүргізу мәселесі уақытша тоқтатылғанын айтты.
Бұл туралы ДДСҰ басшысы Вашингтонда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Тікелей трансляция ұйымның Twitter-парақшасында жарияланған.
Гебрейесус өз сөзінде аудиттің нақты мерзімі әлі белгіленбегенін атап өтті. Оның айтуынша, кешіктіру Украинадағы арнайы операциямен байланысты.
"Біз әлі тексеру жүргізген жоқпыз. Тексеру тобы арнайы операция басталардан бірнеше күн бұрын Ресейге аттанады деп болжанған болатын. Алайда қазір әрекет етуге мүмкіндік жоқ, сондықтан бәрі уақытша тоқтатылды", - деді Гебрейесус.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ