Қазақстан мен Швеция Сыртқы істер министрлері келіссөз жүргізді
Министр Мұхтар Тілеуберді Швеция Корольдігінің Сыртқы істер министрі Анна Кристен Линдемен келіссөздер жүргізді, -деп хабарлайды Taunews.kz. Телефон арқылы сөйлесу Швед тарапының бастамасымен өтті.
Мұхтар Тілеуберді әріптесін Швецияның ЕҚЫҰ-ға алдағы төрағалық етуімен құттықтап, қазақстандық тараптың ұйымға төрағалық ету тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін жеткізді. Өз кезегінде Швед тарапы ЕҚЫҰ-ның болашақ іс-шараларының күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қызығушылық танытты.
«Жалпы, Сыртқы істер министрлерінің басшылары басқа да халықаралық алаңдардағы, оның ішінде екі елдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігінің тұспа-тұс келген кезеңіндегі саяси өзара іс-қимылдың оң тәжірибесін атап өтті. Сонымен қатар, тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа Келісімді іске асыру аясында белсенді өзара іс-қимыл жасауға дайын екендіктерін білдірді», -делінген Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту қажеттігі тұрғысынан министрлер екі ел бизнесінің энергетика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, денсаулық сақтау және кен өндіру саласында ынтымақтастықты жолға қоюға өзара қызығушылығының өсіп келе жатқанын атап өтті.
Тараптар, сондай-ақ, білім беру және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілігін растады.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ