18 Қараша 2026, Сәрсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 444.16 ₸
    EUR EUR 487.29 ₸
    RUB RUB 5.4 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    АЛМАТЫДА «ЕҢ ҮЗДІК СТУДЕНТТІК ТОП – 2026» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

    18 Қараша, 2026
    АЛМАТЫДА «ЕҢ ҮЗДІК СТУДЕНТТІК ТОП – 2026» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

    Алматыда Халықаралық студенттер күніне орай ұйымдастырылған «Almaty Students Week» апталығы аясында «Ең үздік студенттік топ – 2026» байқауының финалдық кезеңі өтіп, жеңімпаздар марапатталды.

    Байқау Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Алматы студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» талантты жастарды қолдау және ілгерілету жобасы аясында өткізілді.

    Байқаудың негізгі мақсаты – студент жастардың зияткерлік, шығармашылық және көшбасшылық әлеуетін дамыту, қоғамдық белсенділігін арттыру, командалық рух пен өзара ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ жоғары оқу орындары арасындағы үздік студенттік тәжірибелерді насихаттау.

    Биылғы байқауға Алматы қаласындағы 27 жоғары оқу орнынан өтінім түсіп, іріктеу кезеңдерінің нәтижесінде 20 университет жартылай финалға жолдама алды. Ал «Jas IQ» зияткерлік сайысының қорытындысы бойынша 10 жоғары оқу орнының студенттік тобы финалдық кезеңге өтті.

    Финалдық кезеңнің басты ерекшелігі Мемлекет басшысының «Кітап оқитын ұлт» бастамасымен үндестікте ұйымдастырылуында болды. Қатысушы командаларға ұсынылған 15 әдеби шығарманың ішінен кітап таңдап, оның мазмұны мен негізгі идеясын зерделеу, шығарманың өзекті мәселелерін заманауи көзқараспен бейнеролик және сахналық қойылым арқылы жеткізу тапсырылды.

    Осылайша, студенттер әдеби шығармалардан алған әсері мен түйген ойларын шығармашылық тұрғыда көрсетіп, кітап оқу мәдениетін насихаттауға үлес қосты.

    Іс-шара аясында студенттердің шығармашылық және қоғамдық әлеуетін кеңінен танытуға бағытталған бірнеше көрме алаңы ұйымдастырылды.

    Студенттік топтардың таныстырылым көрмесі барысында жоғары оқу орындары өз командаларының жетістіктерін, қоғамдық және шығармашылық қызметін, ғылыми, спорттық және әлеуметтік бастамаларын көпшілік назарына ұсынды. Бұл алаң университеттер арасындағы тәжірибе алмасуға және студенттердің жетістіктерін кеңінен танытуға мүмкіндік берді..

    Іс-шараның арнайы қонағы ретінде қатысқан ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Ғазиза Құдайбергенқызы өз сөзінде, студент жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, жастардың зияткерлік әлеуетін дамытуға, әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға және кітап оқу құндылығын насихаттауға бағытталған осындай жобалардың маңызын атап өтіп, бастамаға қолдау білдірді.

    Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар төмендегідей анықталды:

    • І орын – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Галактика» студенттік тобы. 500 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификат табысталды.
    • ІІ орын – Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің «АHEU жастары» студенттік тобы. 300 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификат табысталды.
    • ІІІ орын – Алматы технологиялық университетінің «АТУ жастары» студенттік тобы. 200 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификат табысталды.

    Жеңімпаз командаларға ақшалай сертификаттармен қатар арнайы кубоктар, сыйлықтар мен марапаттар табысталды. Байқаудың жалпы жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрады.

    «Ең үздік студенттік топ – 2026» байқауы студент жастардың білімін, шығармашылығын, ұйымшылдығы мен көшбасшылық қабілетін танытатын маңызды алаңға айналды. Сонымен қатар, байқау кітап оқу мәдениетін дәріптеу, жастар арасындағы ынтымақтастықты нығайту және жоғары оқу орындарының студенттік бастамаларын қолдау бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын көрсетті.

    «Almaty Students Week» апталығы аясындағы бұл байқау студенттік өмірдің жаңа идеялар, шығармашылық ізденіс пен ортақ мақсаттар тоғысқан ерекше кеңістік екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

     

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қазақстанда сабақтан себепсіз қалған оқушылар полицияның бақылауына алынады

    Келесі жазба

    Қазақстанда әлеуметтік желіде жала жапқандарға заң бойынша жауапкершілік енгізілуі мүмкін

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Атыраудағы BINOM мектебінде жаппай итеріс салдарынан оқушылар жарақат алды

    Тоқаев Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Красновпен кездесті

    Қазақстандағы балалардың 7,1%-ы жыныстық сипаттағы хабарламалар алады: депутат дабыл қақты

    Қазақстанда 5 мыңнан астам оқырманы бар анонимді аккаунттарды міндетті тіркеу ұсынылды

    Құрылтай ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеруді көздейтін заңды қабылдады

    Қазақстанда әлеуметтік желіде жала жапқандарға заң бойынша жауапкершілік енгізілуі мүмкін

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 444.16 ₸
    EUR EUR 487.29 ₸
    RUB RUB 5.4 ₸

    © 2025 TauNews