Астанада ер адам көшеде бойжеткенді аңдып, бөксесінен ұрған: полиция тергеу бастады
Астанада көшеде кетіп бара жатқан қызға қатысты әдепсіз әрекет жасаған ер адамның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан оның бойжеткеннің соңынан еріп, ғимаратқа кірер сәтінде бөксесінен ұрғаны байқалады.
Оқиғаға байланысты полицияға арыз түскен. Құқық қорғау органдары күдіктінің жеке басын анықтағанын хабарлады.
Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам көшеде әйелдің соңынан еріп, ғимаратқа кіріп бара жатқан кезде оған қатысты әдепсіз әрекет жасаған.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция өкілдері ер адамның әрекетіне заң аясында баға беріліп, тиісті шара қолданылатынын мәлімдеді.
USD