24 Қазан 2026, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    ...loading
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Бурабайда квадроциклмен серуендеп жүрген бойжеткен апатқа ұшырап, көз жұмды

    8 Шілде, 2026
    Бурабайда квадроциклмен серуендеп жүрген бойжеткен апатқа ұшырап, көз жұмды

    Фото: ЖИ арқылы жасалды/Google Gemini

    Ақмола облысының Бурабай ауданында квадроцикл аударылып, салдарынан 22 жастағы елорда тұрғыны көз жұмды.

    Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттік тілшісіне мәлім еткендей, 7 шілде күні Зеленый Бор мен Бурабай кенттерінің арасындағы жол учаскесінде квадроцикл жүргізген Астананың 22 жастағы тұрғыны көлік тізгініне ие бола алмай, апатқа ұшыраған.

    Апат салдарынан жүргізуші оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Ал квадроциклде бірге отырған 2007 жылы туған елордалық жолаушы медициналық көмекке жүгінді.

    Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында полицейлер апаттың барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сонымен қатар квадроциклдерді жалға беру пунктінің қызметі, мотокөлікті жалға беру кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуы және қайғылы оқиғаға себеп болуы мүмкін өзге де жайттар тексерілуде.

    Полиция департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын квадроциклдер мен өзге де мотокөлік құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Сапар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеріп, қорғаныс құралдарын пайдалану, қауіпсіз жылдамдықты сақтау және пайдалану қағидаларын бұзбау қажеттігі ескертілді.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Ақтауда туған күнін Каспий теңізінің жағасында тойлаған бозбала жоғалып кетті

    Келесі жазба

    Қазақстанда 112 млрд теңгені айналдырған «дропперлер» желісі әшкереленді

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    қойып берші на новостной сайт ChatGPT сказал: Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын жеке басқарушы компанияларға аударып жатыр: сома 100 млрд теңгеден асты

    «Ұлттық қор – балаларға»: 7 миллионнан астам баланың шотына 2,5 млрд доллар аударылды

    Астанада Есіл өзенінің сағасы бір түнде тартылып қалды: жағалауды шағалалар басып кетті

    Астанада Есілдің құрғаған табанынан ноутбук пен пеш табылды

    Түркістан облысында дәрігерлер бір жастағы баланың өңешінен сырға алып шықты

    Ақмола облысында 77 жылқы ұрлады деген күдікпен әкесі мен ұлы ұсталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    ...loading

    © 2025 TauNews