12 Шілде 2026, Жексенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 464.71 ₸
    EUR EUR 531.26 ₸
    RUB RUB 6.05 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазақстанда 112 млрд теңгені айналдырған «дропперлер» желісі әшкереленді

    8 Шілде, 2026
    Қазақстанда 112 млрд теңгені айналдырған «дропперлер» желісі әшкереленді

    Фото: ЖИ арқылы жасалды/Google Gemini

    Қазақстанда қылмыстық кірістерді жылыстатумен айналысқан ауқымды «дропперлер» желісі әшкереленді. Жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық кірістерді жылыстатумен айналысқан 33 дропперлік топтың қызметін тоқтатты.

    Ведомство мәліметінше, қылмыстық схемаларды ұйымдастырған 40-тан астам адам анықталып, заңсыз әрекетке 500-ден астам азаматтың тартылғаны белгілі болды. Дропперлердің банктік шоттары арқылы жалпы сомасы 112 млрд теңгеден астам заңсыз қаржылық операциялар жүргізілген.

    Тек соңғы екі айдың өзінде мыңнан астам дроп-карта бұғатталды. Мәселен, ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті интернет-алаяқтықтан түскен қаражатты заңдастыру үшін азаматтардың банктік шоттарын пайдаланған халықаралық «дроповодтар» желісінің қызметін тоқтатты.

    Тергеу амалдарына сай, бұғатталған шоттар арқылы шамамен 17 млн теңге өткізілген. Кейін ұйымдасқан топ мүшелері шот иесі болған 18 жастағы азаматты күштеп ұстап, күш қолданамыз деп қорқытып, банктік шоттарға қолжетімділікті қалпына келтіруге мәжбүрлеген.

    Осыған ұқсас схема Жетісу облысында да анықталды.

    «Әлеуметтік желідегі жұмыс туралы хабарландыруға сенген жергілікті тұрғын кураторлардың нұсқауымен интернет-алаяқтықтан түскен қаражатты өзінің банктік шоттары арқылы қабылдап отырған. Кейін қаражатты криптовалютаға айырбастап, ұйымдастырушылардың шоттарына аударып, әр операциядан комиссия алып отырған. Түркістан облысында дропперлік схема Telegram мессенджеріндегі жасырын куратор арқылы басқарылған. Ол студенттер мен кәмелетке толмағандарды сыйақы ұсынып, интернет-банкингке қолжетімділікті беруге көндірген. Соның салдарынан 20-дан астам жас тергеуге тартылды», – делінген хабарламада.

    Қаржылық мониторинг агенттігі ескертеді: дропперлік схемаларға қатысу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Бурабайда квадроциклмен серуендеп жүрген бойжеткен апатқа ұшырап, көз жұмды

    Келесі жазба

    Қазақстанда су көліктеріне бақылау күшейді: тәртіп бұзғандар жаппай айыппұл арқалап жатыр

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Жүргізушілерге ескерту: Қазақстанда тағы 5 тасжолға орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізілді

    Ақтөбеде көшеден табылған сәби жаңа отбасына берілді

    Зерттеу: қазақстандықтардың басым бөлігі өз өміріне риза және алдағы кезеңнен жақсылық күтеді

    Маңғыстау облысында атыс болды: екі адам жарақат алып, төрт күдікті ұсталды

    3 млрд теңге ұрлаған: Түркістан облысында жеңілдетілген несиені жымқырған 27 адам сотталды

    Әлемге танымал әнші 75 жасында қайтыс болды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 464.71 ₸
    EUR EUR 531.26 ₸
    RUB RUB 6.05 ₸

    © 2025 TauNews