Кейінгі кездері шетелдегі бейресми заңсыз діни оқу орындарында білім алып жүрген кейбір қазақстандық студенттердің әлеуметтік желідегі белсенділігі алаңдаушылық тудырып отыр. Олар мессенджерлерде жабық чаттар құрып, өз ортасын кеңейтуге тырысуда. Мұндай чаттарда діни білім алу мүмкіндіктері біржақты әрі әсіреленген түрде насихатталып, алайда нақты оқу орнының құқықтық мәртебесі, оқу бағдарламасының мазмұны мен мақсаты ашық айтылмайды.
USD