17 Қазан 2026, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 452.12 ₸
    EUR EUR 508.95 ₸
    RUB RUB 5.41 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Дәрігерлер қауіпсіздігі: Астанада жедел жәрдем көліктеріне бейнебақылау орнатылатын болды

    29 Тамыз, 2025
    Дәрігерлер қауіпсіздігі: Астанада жедел жәрдем көліктеріне бейнебақылау орнатылатын болды

    Фото: Астана әкімдігі

    Астана әкімдігінің мәліметінше, қалада жедел жәрдем көліктерін заманауи бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау жобасы басталды. Бұл бастама дәрігерлер мен пациенттердің  қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

    Соңғы 3 жылда елордада жедел жәрдем бригадаларына 66 рет шабуыл жасалған. Осыған байланысты қала әкімдігі барлық санитарлық автокөлікті бейнетіркеу кешендерімен жабдықтау туралы шешім қабылдады.

    «Қазіргі таңда барлық деңгейде медицина қызметкерлерінің қызмет барысында қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөлінуде. Бүгінде алғашқы көлік төрт камерамен, GSM модулі бар бейнетіркеу құрылғысымен және бейнені нақты уақыт режимінде жеткізетін мониторымен жабдықталды. Бейнеағын жедел жәрдем диспетчерлік қызметіне де, Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына да жеткізіледі. Бұл төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге және көлік ішінде де, сыртында да болып жатқан жағдайды бақылауға мүмкіндік береді», – деп хабарлады қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

    Жыл соңына дейін 100 жедел жәрдем көлігін бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау жоспарланып отыр.

    Жобаға қатысты пікірін қалалық жедел медициналық жәрдем қызметінің өкілдері де білдірді. Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы директорының орынбасары Арман Баянбаев ұжым көрсетіліп отырған қолдауға ризашылықпен қарайтынын атап өтті.

    «Бұл жоба медицина қызметкерлері мен науқастардың қауіпсіздігін арттыруға жасалған маңызды қадам. Сонымен қатар, аталған технология жедел жәрдем көліктерінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының азаюына оң әсер етеді», – деді ол.

    Аталған бастама Астана қаласының «Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

    Еске сала кетейік, медицина қызметкерлеріне жасалған шабуылдар жиілеп кеткеннен кейін Мемлекет басшысы олардың қауіпсіздігін күшейтуді және құқықтарын қорғауды тапсырған болатын.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қарқаралы тауларына аты-жөнін жазып кеткен бүтін бір отбасы жазаланды

    Келесі жазба

    Қазақстанда ғаламтор еркіндігі бар екенін ешкім жоққа шығара алмайды – Тоқаев

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    БҚО-да мотоцикл жүргізушісі апаттан кейін ауруханада көз жұмды

    Астанада автобус қағып кеткен әйел көз жұмды: жүргізуші телефонға алаңдаған

    Заң мен тәртіп: Алматыда жастардың құқықтық сауаттылығы талқыланды

    Астанада Таиландтан есірткі тасымалдаған қыз 16 жылға сотталды

    «Dauletten» қайырымдылық қоры студенттерге 20 млн теңге көлемінде білім гранттарын бөледі

    NAVAI ісі бойынша ҚР СІМ ресми мәлімдеме жасады

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 452.12 ₸
    EUR EUR 508.95 ₸
    RUB RUB 5.41 ₸

    © 2025 TauNews