3 Мамыр 2026, Жексенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    «Енді қол-аяғы жоқ адамдар мүгедек екенін дәлелдеп жүрмейді»: Аймағамбетов жағымды жаңалық айтты

    3 Қыркүйек, 2025
    «Енді қол-аяғы жоқ адамдар мүгедек екенін дәлелдеп жүрмейді»: Аймағамбетов жағымды жаңалық айтты

    Фото: istockphoto.com

    Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов сүйінші жаңалық айтты. Оның айтуынша, енді қол-аяғы ампутацияланған, қатерлі ісікпен арпалысып жүрген немесе инсульт алған науқастарға мүгедектік рәсімдеу жеңілдетілді.

    Енді өмірі үшін күресіп жүрген жандар апталап құжат жинап, аурухана табылдырығын тоздырып, онсыз да бар ауруын дәлелдеп жүруден босамақ. Бұл шаруаның бәрі қашықтан жүзеге асатын болды.

    «Бүгінде жағдай өзгеруде. Соңғы екі жылда біздің Комитет Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп осы бағытта жүйелі жұмыс атқарып келеді. Оның нәтижесі де бар. Жақында Қарағандыда Медико-әлеуметтік сараптама (МӘС) бөлімінің жұмысымен таныстық. Мыңдаған адамның тағдырына әсер ететін бұл салада биылдың өзінде 10 401 қызмет көрсетіліп, соның 36%-ы – қашықтан, проактивті форматта жүзеге асқан. Бұл- жақсы нәтиже.

    Ол нені білдіреді? Енді онкология, туберкулёз, инсульт салдары, аяқ-қол ампутациясы, Даун синдромы, 1-типті қант диабеті, бүйрек жетіспеушілігінің соңғы сатысы, Паркинсон ауруының ауыр деңгейі сияқты күрделі диагнозы бар азаматтар мекемелерді жағалап жүрмейді. Барлығы проактивті түрде рәсімделеді. Бұл– жай ғана формалдылық емес, бұл – адамдардың уақытын, жүйкесін, күш-қуатын үнемдеу», – деді депутат.

    Асхат Аймағамбетов Медико-әлеуметтік сараптама бөліміне мамандар жетіспеушілігі мәселесі де барын атап өтті.

    «Қазір МӘС-те 18 орынның орнына небары 12 сарапшы жұмыс істейді, оның төртеуі – зейнет жасында. Комиссия құрамындағы дәрігерлердің жалақысы ауруханалардағы әріптестеріне қарағанда төмен болғандықтан, кадр тапшылығы айқын сезілуде. Соған қарамастан, маңызды қадамдар жасалып жатыр. Атап айтар болсақ, Ақмола мен Павлодар облыстарында пациенттерді МӘС-ке жолдауды орталықтандыру пилоты іске қосылды. Бұл – негізсіз, сапасыз құжаттарды болдырмауға мүмкіндік береді. 30 маусымнан бастап ерекше нозологиялар бойынша («ампутация», «Даун синдромы», «мукополисахаридоз») арнайы механизм енгізілді. Бұл – мүгедектікті тезірек әрі артық рәсімсіз белгілеуге жол ашты. Біздің табанды ұсынысымызбен Денсаулық сақтау министрлігі нысандарға өзгерістер енгізіп жатыр. Міндетті госпитализация талабы алынып тасталмақ. Бұл тек уақытты ғана емес, сонымен бірге бюджет қаражатын да үнемдейді», – деді депутат.

    Ол осындай өзгерістердің табанды түрде жүзеге асатынын атап өтті.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Алматыда ер адам мас күйінде өзін өзі өртеп жібермек болды

    Келесі жазба

    Қызылорда облысында күріш жинау науқаны басталды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews