17 Қазан 2026, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 452.12 ₸
    EUR EUR 508.95 ₸
    RUB RUB 5.41 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қызылорда облысында күріш жинау науқаны басталды

    4 Қыркүйек, 2025
    Қызылорда облысында күріш жинау науқаны басталды

    https://azattyq-ruhy.kz/news/95381-kyzylorda-oblysynda-kurish-zhinau-naukany-bastaldy#:~:text=%D0%A4%D0%BE%D1%82%D0%BE%3A%20istockphoto.com

    Қызылорда облысында күріш жинау науқаны ресми түрде басталды.

    Өңірде өткен жиында ауыл шаруашылығы мен су саласының үздік қызметкерлері марапатталды. Барлығы 35 маман марапатқа ие болды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, өңір диқандары өз өнімдерін ұсынды.

    «Биыл вегетация кезеңі күрделі ауа райы жағдайында өтті. Соған қарамастан, суды әділ әрі тиімді бөлу шараларының нәтижесінде Қызылорда облысындағы күріш алқаптарын сумен қамтамасыз еттік. Дегенмен су үнемдеу технологияларына көшу қажеттілігі әлі де өзекті. Мемлекет заманауи суару жүйелерін жылдам әрі тиімді енгізу үшін барлық қажетті қолдау тетіктерін, соның ішінде субсидияларды ұсынып отыр», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

    2025 жылғы вегетация кезеңінде «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы суармалы суды жеткізу бойынша 1042 келісімшарт жасасты. Өңірде суаруға алынған су көлемі – 3,51 млрд текше метр.

    Егіс алқаптарын тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін облыстағы «Қазсушар» филиалы мен жергілікті шаруа қожалықтарының күшімен 357 сорғы станциясы орнатылды. Оның ішінде 60-ы – филиалдың есебінен, қалған 297-сі – жергілікті атқарушы органдардың, ТЖМ-нің және диқандардың сорғы станциялары.

    Су ресурстары және ирригация министрлігінің арнайы жұмыс тобы су шаруашылығы жағдайына, каналдар мен су қоймаларының жай-күйіне, судың бөлінуіне және суару кестесінің сақталуына тұрақты мониторинг жүргізді. Ресурстарды үнемдеу мақсатында коллекторлық-дренажды суды қайта пайдалану тәсілі қолданылды.

    Сонымен қатар Қызылорда облысының диқандары су үнемдеу технологияларын белсенді қолдана бастады. Бүгінгі таңда аймақтағы шамамен 75 мың гектар жер су үнемдеу жүйелерімен қамтылып отыр.

    Жүргізілген кешенді шаралардың нәтижесінде вегетация кезеңінің қалыпты өтуіне қажетті жағдай жасалды.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    «Енді қол-аяғы жоқ адамдар мүгедек екенін дәлелдеп жүрмейді»: Аймағамбетов жағымды жаңалық айтты

    Келесі жазба

    Тоқаев Мадина Әбілқасымованың жаңа орынбасарын тағайындады

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    БҚО-да мотоцикл жүргізушісі апаттан кейін ауруханада көз жұмды

    Астанада автобус қағып кеткен әйел көз жұмды: жүргізуші телефонға алаңдаған

    Заң мен тәртіп: Алматыда жастардың құқықтық сауаттылығы талқыланды

    Астанада Таиландтан есірткі тасымалдаған қыз 16 жылға сотталды

    «Dauletten» қайырымдылық қоры студенттерге 20 млн теңге көлемінде білім гранттарын бөледі

    NAVAI ісі бойынша ҚР СІМ ресми мәлімдеме жасады

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 452.12 ₸
    EUR EUR 508.95 ₸
    RUB RUB 5.41 ₸

    © 2025 TauNews